Суббота, 9 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Жаңақорған ауданында болды

    Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова жұмыс сапарымен Жаңақорған ауданына барды. Сапар барысында өңір басшысына аудандағы коронавирус індетіне қарсы атқарылған шаралар мен «Жұмыспен қамту жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жұмыстардың барысы таныстырылды.

    Алдымен облыс әкімі Жаңақорған аудандық ауруханада стационарлық ем
    қабылдап жатқан науқастардың хал-жағдайын біліп, аурухананың жұмысымен
    танысты. Аймақ басшысы пневмониямен ауырып жатқан науқастарға
    аранайы барып сөйлесіп, жағдайларын білді. Аудан әкімі С.Мақашевқа эпидемиологиялық
    ахуалды тұрақтандыру үшін шаралар қабылдауды және аурухананың жұмысын күшейтуді
    тапсырды.

    «Өздеріңіз білетіндей, карантин мерзімі айдың соңына дейін созылды.
    Эпидемиологиялық ахуал күрделі. Облыс бойынша Жаңақорған ауданы коронавирус
    індетін жұқтырған адам санынан алдыңғы қатарда тұр. Емделушілерге жақсы жағдай
    жасап, аудандағы жағдайды тұрақтандыруға жұмыс жасаңыздар», – деді облыс әкімі
    Гүлшара Әбдіқалықова.

    Жаңақорған аудандық орталық ауруханасы 2010 жылы пайдалануға берілген.
    Бүгінгі күні ауруханада 168 дәрігер, 803 орта буын қызметкерлер жұмыс жасайды. Облыс
    әкімінің тапсырмасына сәйкес аудандық ауруханаға 2 дана ИВЛ аппараты, 1120 дана
    кислород баллондары алынған.Қазіргі уақытта аудан бойынша COVID-19 вирусымен 292адам тіркелген. Оның ішінде 230 адам емделіп шықты. Пневманиямен 236 адам тіркеліп, бүгінгі күні стационарда 176 емделуші ем алуда.

    Одан кейін, өңір басшысы аудандағы бірақатар дәріханалардың дәрі-дәрмек
    қоры мен бағасын тексеріп, аудан әкімдігіне тұрғындар пайдалану үшін дәрілік заттардың
    жеткілікті болуын және кәсіпкерлер тарапынан қолдан баға көтерілмеуін бақылауға алуды
    тапсырды.

    Облыс әкімі сондай-ақ, ескі аудандық аурухана ғимаратынан, №3 мектеп
    интернатынан, денешынықтыру және спорт кешенінен ыңғайластырып дайындалған
    провизорлық орталықтардың жұмысын тексеріп, аудандық аурухананың бас
    дәрігеріне бірқатар тапсырмалар берді.

    «Провизорлық жағдайда емделіп жатқан азаматтарға ыңғайлы жағдай жасау
    керек. Дәрі-дәрмекмек, оттегімен толық қамтамасыз етілуін қатаң бақылауға алыңыз. Үй
    жағдайында ем алып жатқан азаматтардың да жағдайы бақылауда болу керек. Қазіргі
    уақытта тұрғындардың денсаулығы бірінші кезекте тұр», – деді Гүлшара Әбдіқалықова.

    Ауданда науқастарды уақытылы емдеу орнымен қамтып, үй жағдайында өз
    бетінше ем алмай, дәрігерлердің бақылауында болу мақсатында, бүгінгі күнге бұрынғы
    100 орын провизор стационарына қосымша 180 орын провизор ашылып, жұмыс жасауда.
    Провизорлық орталықтарда 219 науқас орналастырылған. Науқастарға 89 медицина
    қызметкері ем жүргізуде. Қызылорда облысында дәрі-дәрмек заттардың жетіспеушілігін
    жою мақсатында фармацефтикалық компанияларға 86 млн.тенгеге өтінім берілген. Оның
    ішінде Жаңақорған ауданына дексаметазон, преднезалон, ерітіндідегі аскорбин
    қышқылы және т.б дәрілік заттарды алуға 10 млн.тенге қарастылырды. Дәрі-дәрмектер бір
    апта көлемінде жеткізілетін болады.

    Мұнымен қоса, өңір басшысы №51 орта мектептегі «Жұмыспен қамтудың жол
    картасы» бағдарламасы аясында жүргізіліп жатқан орташа жөндеу жұмыстарымен
    танысып, бөлінген қаражаттың мақсатты жұмсалуын тапсырды.

    «Мемлекет басшысының тапсырмалары сапалы әрі уақытылы орындалу керек.
    Мемлекеттік бағдарламалар арқылы өңірімізге үлкен қолдау көрсетілуде. Сол себепті
    бөлінген қаражаттың мақсатты жұмсалуын қатаң бақылауға алыңыздар. Жөндеу

    жұмыстары сапалы жүргізіліп, пайдалануға уақытылы берілетін болсын», – деді облыс
    әкімі Гүлшара Әбдіқалықова.

    Айта кетейік, «Жұмыспен қамту жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы
    аясында Жаңақорған ауданына 3 млрд.жуық қаражат бөлініп, 23 жоба жүзеге асуда.
    Сонымен қатар, бағдарлама аясында 706 жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарланған.

    Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың жұмыс сапары Шиелі ауданында
    жалғасты.

    қатысты посттар

    Кімдер өтініш жібермей-ақ 42500 алады: Министр мәлімдеме жасады

    Фариза

    Главный санврач Нур-Султана объяснила отказ от прививки против коронавируса

    Фариза

    Қызылорда облысында 2019 жылғы күріш өнімінің тоннасына субсидия төленуде

    Фариза

    Пікір қалдыру

    two + ten =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.