15 C
Алматы
Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шымкентте науқастарды қашықтықтан қарайтын жаңа онлайн қызмет іске қосылды

    Шымкенттің білікті дәрігерлері 1430.kz сайты арқылы онлайн тегін кеңес беруге көшті. Аталмыш
    сайтқа жергілікті емханалардың жалпы тәжірибелік дәрігерлері тіркеліп, қызмет көрсетуге дайын.
    Олар желі арқылы науқасқа кеңес беріп, алғашқы медициналық көмекті көрсететін болады.

    Бұл үшін 1430.kz порталында тіркеліп, қажетті маманды таңдап, онлайн-қабылдауға жазылу
    жеткілікті. Яғни, қала тұрғыны сайтқа өзінің атымен, логинімен тіркеледі. Сосын тиісті дәрігерін
    тапқан соң, бос уақытына сай онлайн кеңеске жазылады. Онлайн кеңес уақытына 10 минут
    қалғанда дәрігер мен пациентке консультация күтіп тұрғандығы туралы смс хабарлама келеді.

    Емханалардағы жалпы тәжірибелік және мамандандырылған дәрігерлер, оның ішінде хирург,
    травмотолог, уролог, гинеколог сынды жетпіске жуық маман бүгінде аталған сайтқа тіркелген.
    Онлайн қызмет елімізде телемедицинаны дамыту бойынша қолға алынған Start-Up жобалардың
    бірі. Бұл тәжірибе бұған дейін Нұрсұлтан мен Алматы қалаларында жүзеге аса бастаған.

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    ШЫМКЕНТ: «ХАЛЫҚ АЛҒЫСЫ» МЕДАЛІ ТАБЫСТАЛДЫ

    Фариза

    Жамбылға Vero Cell вакцинасының 20 мың дозасы жеткізілді

    Фариза

    Шымкентте 7 мыңға жуық түлек ҰБТ тапсыруға онлайн өтініш берген

    Фариза

    Пікір қалдыру

    five × four =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.