-11.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шымкентте оттегі өндіретін кәсіпорын жұма күні іске қосылады

    Ауыр халде жатқан науқастардың тыныс алуына қажетті оттегі енді Шымкенттегі кәсіпорындардың
    бірінде өндіріледі.
    Қауіпті 1-ші санаттағы өндіріс орындарының қатарына жатқызылатын кәсіпорында мамандар
    тапшы. Бұл қиындықтарға қарамастан өндіріс орнында тәулігіне 1000-нан астам баллонды
    оттегімен толтыру жоспарланып отыр.

    Шымкентте коронавирус індеті мен пневмонияға шалдыққан науқастарға қажетті оттегі осы
    кәсіпорында өндіріледі. Соңғы екі аптада кәсіпорындағы құрал-жабдықтардың қызметі тексеріліп,
    өндірісті іске қосу жұмысына дайындық жүргізілген. Оттегі кәдімгі біз демалатын ауадан
    өндіріледі,- дейді мекеме басшысы Бек Исахов. Басшының айтуынша кәсіпорын осы жұмада іске
    қосылмақ.

    Айта кететін жәйт, 2006 жылы жұмысын бастаған кәсіпорын оттегіге деген сұраныс төмендеп
    кеткендіктен былтыр жабылған. Жандандыруға қаладағы эпидемиологиялық жағдай себеп
    болыпты. Кәсіпорынды қайта қалпына келтіруге жергілікті кәсіпкер Балтабай Асан ат салысқан.

    Қалталы азамат қауіпті індетті жұқтырғандарға қолдау көрсету мақсатында «Самал-3»
    шағынауданында провизорлық орталық ашып қана қоймай, бүгінгі таңда ондағы науқастарды
    қажетті дәрі-дәрмек және оттегімен қамтамасыз етіп келеді.
    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    ШЫМКЕНТ: «КАТКО» КОМПАНИЯСЫ ЖАСАНДЫ ТЫНЫС АЛУ АППАРАТЫН СЫЙЛАДЫ

    Фариза

    Қызылордалық 13 түлекке әкім гранты тағайындалды

    Фариза

    Жамбыл облысында педагог-ағартушы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл толуына орай жас ғалымдар арасында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті

    Фариза

    Пікір қалдыру

    3 × five =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.