Суббота, 9 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Текеліге блок-бекеттер қайта қойылатын болды

    Алматы облысы Текелі қаласына блок-бекеттер қайта қойылатын болды. Өйткені, тұрғындар карантин талаптарын сақтамаса, вирус жұқтырған науқастарды емдеген дәрігерлер бөлек орында емес, өз үйлерінде тұрып келген деп хабарлады Qazweek.kz «Хабар-24» арнасына сілтеме жасап.

    Бұдан бөлек, 140 адам жатқан провизорлық орталықты тексеру барысына бірнеше олқылық анықталды. Осыған байланысты бүгін түнде қалаға блок-бекет қойылды. Енді 10 күн бойы кенді шаһар аумағына кіріп-шығатын азаматтардың барлығы тіркелген мекенжайы бойынша тексеріледі. Жолаушылар мен жүргізушілердің дене қызуы өлшенеді. Санитарлық талаптардың қайта күшейтілуі індеттің өзге аудан қалаларға таралмауы мақсатында жасалып отыр.

    Қауіпсіздік шараларымен қатар өңірде қосымша дәрі-дәрмек қорын алып, ауруханаларға тарату жоспарланған. Бұл мақсатқа жергілікті қазынадан қомақты қаражат қарастырылған.

    «Ауруханалар мен емханаларды дәрі дәрмекпен қамту үшін облыс әкмінің шешімімен жергілікті бюджеттен 500 млн теңге бөлінді. Оған вирусқа қарсы антибиотиктарды алатын боламыз», — деді облыс әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов.

    қатысты посттар

    «Жауым емес» Жанболат Ағаділді өлтіріп алған жігіт кешірім сұрады

    Фариза

    Ішкі істер министрлігі Арон Атабектің өліміне қатысты пікір білдірді

    Фариза

    Алимент төлемеген такси қызметшісі жүргізу куәлігінен айырылды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    7 + five =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.