Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылордада 63 өкпені жасанды желдеткіш аппараты алынады

    Қызылорда облысында инфекциялық және провизорлық стационарларда 1750
    науқас бақылауда. Оның ішінде инфекциялық стационарда – 381 және
    провизорлық стационарда – 1 369 науқас ем алуда. Бұл туралы Қызылорда облыстық
    денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазылов мәлімдеді.

    «Облыс аумағында коронавирус инфекциясыменауырғандарды және қарым-
    қатынаста болғандарды бақылау мақсатында барлығы 760 төсек орынашылған болатын.
    Бүгінде барлығы 2410 төсек-орын ұйымдастырылды. Оның ішіндеинфекциялық төсек
    саны 620 орынды құраса, провизорлық төсек орын саны – 1 790 құрайды», – дейді
    басқарма басшысы.

    Облыстың бас дәрігері қазіргі таңда 76 жасанды өкпені желдету аппараты (ӨЖЖ)
    жұмыс істейтінін, 12 аппарат істен шыққанын мәлімдеді.
    «Бүгінгі күні облыс бойынша 64 ӨЖЖ аппараты жұмыс жасап тұр. Бұдан басқа,
    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне 63 ӨЖЖ аппаратына өтінім
    берілді», – деді басқарма басшысы.

    қатысты посттар

    Қызылордада еріктілер полицейлерге көмек көрсетіп жатыр

    Фариза

    Жер туралы жаңа заң жобасы: шетелдіктер мен қандастарға жер сатылмауы мүмкін

    Фариза

    «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы»: Жалағашта екі білім ұясы күрделі жөндеуден өтеді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    twenty − eight =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.