Жаңақорған ауданы прокуратурасының бастамасымен қадағалау аумағында дәрі-
дәрмектерді негізсіз қымбаттатып сатқандарды анықтау және жауапқа тарту мақсатында
аудандық полиция бөлімі, жергілікті атқарушы орган және «Nur Otan» партиясы
өкілдерінің қатысуымен мониторингтік топ құрылды.
Мониторинг жүргізу барысында Жаңақорған кентіндегі 2 дәріхананың дәрілік
заттарды қымбат бағамен сатып жатқаны анықталды. Нақтыласақ, Жаңақорған кенті
орталығында орналасқан дәріханада «Супростин» дәрілік препаратының шекті бағасы –
1731,25 теңге бола тұра аталған дәрі 2000 теңгеден, яғни 268,75 теңгеге қымбат бағамен
сатылған.
Дәл осы тектес, Жаңақорған кентінде орналасқан екінші дәріханада «Азитро» дәрілік
препаратының шекті бағасы 4041,37 теңге бола тұра аталған дәрі 4200 теңгеден, яғни
158,63 теңгеге қымбат бағамен сатылған.
Осы орайда аталған деректер аудандық полиция бөлімінің ақпараттарды есепке
алу кітабына тіркеліп, жинақталған іс-құжаттар шешім қабылдау үшін құзырлы органға
жолданды.
Бүгінде аудандық прокуратураның бастамасымен құрылған мониторингтік топ
жұмысы жалғасып, дәрілік заттардың бағасын заңсыз өсіру фактілері анықталуда.