Өңірде дәрілік заттардың сатылуына мониторинг жүргізу барысында заңсыз дәрі-
дәрімек сатудың 23 дерегі анықталып, сотқа дейінгі тергеу басталды. Оның ішінде, 11-і
заңсыз кәсіпкерлікпен айналысып, дәрілік заттарды жоғары бағада сатқан. Бұл туралы
Қызылорда облыстық полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл
басқармасының бастығы Ерболат Төреахметов мәлімдеді.
«Аймақта «Дексаметазон» дәрілік препаратының (инъекцияға арналған ерітінді)
бір ампуласы 1500 теңгеден сатылған. Қазіргі таңда аталған дәрі-дәрмектің тегін берілуге
жататына немесе нақты сатылу бағасы туралы эксперттердің қатысуымен тексеру
жүргізілуде», – деді Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті
Тергеу басқармасының басшысы Ардақ Биғалиев.
Мұнан өзге, облыс дәріханаларының бірінде Қазақстан Республикасында
тіркелмеген дәрінің сату фактісі анықталды.
«Осельтамивир-Акрихин» дәрісі вирусқа қарсы препарат болып саналады.
Департамент қызметкерлері жасырын сатып алушы ретінде дәріханаға барып, тексеру
жұмыстарын жүргізді. Тексеру барысында сатып алынған дәрінің бір қорабы 8 521
теңгеден , жалпы сомасы 25563 теңгені құрады. Аталған факт тіркеу кітабына тіркеліп,
жинақталған материал облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен
қауіпсіздігін бақылау департаментіне жіберілді», – деп түйіндеді Ардақ Мұхамбетұлы.