-14.1 C
Алматы
Вторник, 24 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шетелден тәжірибе алмасу үшін медициналық мамандар келеді

    Шымкент қаласы əкімдігінде Шымкент қалалық Денсаулықсақтау басқармасының басшысы Рустам Албаевтыңқатысуымен бүгінгі эпидемиологиялық ахуал жөніндебрифинг өтті.

    Баспасөз мәжілісінде, ең алдымен, Рустам Қуанышбекұлықаладағы эпидемиологиялық жағдай мен атқарылып жатқанжұмыстар туралы баяндады.

     

    – Шымкент қаласында қолайсыз эпидемиологиялықжағдайға байланысты инфекциялық ауруларға шалдыққаннауқастарды емдеу үшін төсек-орындар саны қосымшакөбейтілуде. Бұл төсек-орындар саны 650-ден 3129-ға жетті. Сондай-ақ жан сақтау бөліміндегі орындар санын да көбейтіп, бүгінде 141 жан сақтау орны бар. Олар №2 қалалық аурухана, Асар мөлтек ауданындағы 200 төсек-орындық инфекциялық аурухана жəне қалалықкордиологиялық орталықтардың базасындаорналастырылған.

     

    Бұл бағытта реаниматолог мамандар тәулігіне 24 сағатжұмыс істеуде. Шымкент қаласында өткен жылменсалыстырғанда бүгінге дейін жедел жәрдем қызметіншақыртушылар саны 2 есеге өскен еді. Қазіргі таңда жағдайқалыпқа келе бастады. Ал дәрі-дәрмек бойынша Ресей, Украина, Түркия, Өзбекстан т.б. елдердің компанияларменкелісімшарт жасалынып, дәрі-дәрмектер әкелінуде. Сонымен қатар келесі аптада Ресейден тәжірибе алмасуүшін әрі көмек беру үшін 5 маман, Түркия елінен 10 маманкеледі деп күтілуде, – деді басқарма басшысы.

     

    Айта кетейік, қалада дəрілердің бағасын тұрақтандыру үшінқұрылған 4 мониторингтік топ бүгінге дейін 50 заңбұзушылық фактісін анықтап, оларға тиісті әкімшілікшаралар көрсеткен. Одан бөлек, дәріханада жоқ дәрілердіңорнына баламаларын ұсыну ескертілген.

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    Шымкентте қоғамдық көліктер электрондық төлемге қашан көшеді?

    Фариза

    Қызылорда облысында қашықтан оқуға қажет 9 мыңға жуық компьютер алынды

    Фариза

    Қызылордада жаңа аурухана ашылады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    one × one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.