-6.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    42 500 теңге алу үшін қайтадан бірыңғай жиынтық төлем талап етілмейді

    Шілде айына 42 500 теңге әлеуметтік төлемді алу үшін Бірыңғай жиынтық төлемді қайтадан төлеудің қажеті жоқ. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов ОҚК брифингінде мәлімдеді — деп хабарлайды Qazweek.kz  Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

    «Өз бетінше жұмыспен қамтылып жүрген азаматтар өткен жолы 42 500 теңгені алу үшін бірыңғай жиынтық төлем жасады. Бұл жолы БЖТ төлем жасаудың қажеті жоқ. Ондай талапты қоймаймыз. Өткен жолы төледіңіздер, сол жеткілікті. Ол мәліметтер бізде бар. Сондықтан бұл жолы өтініш тастап, БЖТ-ні ай сайын төлеп жүргендерге сұрақ жоқ, ал төтенше жағдай кезінде бір рет төлегендерді өз тарапымыздан жүйелермен тексеріп аламыз. Біздің жұмыспен қамту бағдарламаларына қатысып жүр ме немесе зейнетақы, жәрдемақы алып жүр ме дегендей. Сондай тетіктерін біз бір-екі күннен кейін тағы хабарлаймыз», — деді министр.

    Біржан Нұрымбетов бұл жолы да әлеуметтік төлемге өтініш берудің үш жолы барын айтты:

    1. 42500.enbek.kz порталы
    2. eGov электрон үкімет порталы
    3. Өз бетінше жұмыспен қамтылған жеке тұлғалар үшін телеграм боттар.

    Айта кетейік, бұл порталдар жұмадан, 17 шілдеден бастап жұмыс істейді.

    Еске салайық, бұған дейінгі 42 500 теңгені алудың екінші талабы бойынша, соңғы 12 айда Әлеуметтік сақтандыру қорына ең болмаса бір әлеуметтік төлем немесе Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына бір зейнетақы аударымы жасалуы тиіс болған. Бұл жағдайда талаптың енгізілу себебі — ақша кассадан беріле салмайды, ол Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры арқылы төленеді.

    Бірақ көптеген адамда мұндай әлеуметтік аударымдары жоқ болды, болмаған да болуы мүмкін. Себебі, ол адамдар бейресми жұмыс істеген, олардың еңбек келісімшарттары жоқ, салық та, ешқандай аударымдар да төлемеген, алайда олар үшін де 42 500 теңге алу мүмкіндігі болды.

    Ол үшін бірыңғай төлемді төлеу жеткілікті болды — ол қалалықтар үшін 2651 теңге, ауыл тұрындары үшін 1325 теңге. Бір рет төлем жасаған соң азаматтар келесі күні ай сайын 42 500 теңге алу мүмкіндігіне ие болды.

    қатысты посттар

    Қызылордада 12 мыңнан астам адамның зейнетақысы үйіне жеткізілді

    Фариза

    Қазақстанда жарнама мен жол белгілері қазақ тілінде жазылатын болды

    Фариза

    ҚАЗАҚ ЖУРНАЛИСТИКАСЫНЫҢ ЭНЦИКЛОПЕДИЯСЫНА ПАРА-ПАР ЕҢБЕК

    Фариза

    Пікір қалдыру

    two × two =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.