13 C
Алматы
Понедельник, 27 октября 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    Біз қабылданған шаралардың арқасында пандемияның таралуына тойтарыс береміз деп сенеміз — Мәулен Әшімбаев

    Мемлекет басшысы коронавирус індетінен қайтыс болған азаматтарды еске алу үшін 13 шілдені Ұлттық аза тұту күні деп жариялағаны белгілі. Соған байланысты бүгін барша Қазақстан халқы аза тұтуда.⁣⁣⠀
    ⁣⁣⠀
    Өкінішке қарай, пандемия салдарынан көз жұмған жандардың қатарында елдік мұратты ту еткен арыстай азаматтарымыз, зиялы қауым өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, сондай-ақ, өзгенің өмірі үшін соңғы сәтке дейін күресіп өткен дәрігерлеріміз бар. Біз үшін дүниеден озған әр отандасымыздың орны бөлек.⁣⁣⠀
    ⁣⁣⠀
    Осыған орай індеттен қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына орны толмас қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Енді ешқашан мұндай қаралы күн болмасын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!⁣⁣⠀
    ⁣⁣⠀
    Біз қабылданған шаралардың арқасында пандемияның таралуына тойтарыс беріп, індетті ауыздықтаймыз деп сенеміз. Қазақ – сан қилы тарихында бұдан да ауыр сынақтардан сүрінбей өткен және талай тар жол, тайғақ кешуден аман қалған халық. Соның бәрінде бекем бірлік пен ырыс-ынтымағымызға табан тіредік. Қазір де дәл солай ауызбіршілік танытсақ, аурудың әрі қарай асқынуына жол бермейтініміз сөзсіз.⁣⁣⠀
    ⁣⁣⠀
    Сондықтан әрқайсымыз жақындарымызға жанашырлық танытып, мамандар анықтап берген талаптарды орындауға ерекше көңіл бөлейік! Әр азаматымыздың амандығы үшін бірге күресейік!

    Мәулен Әшімбаев

    https://www.facebook.com/100024724328585/posts/724226275078177/?d=n

    қатысты посттар

    Қазақстанда ондаған жануарлар мен өсімдік түрлері жойылып кету қаупі алдында тұр — Тоқаев

    Фариза

    Назарбаев пен Тоқаев қатысып жатқан форум алдында көпбалалы аналар шеруге шықты

    Думан Айтжановтың құпия жағдайы: Өздеріне жақпайтын сұрақ қойсаң, бір-біріне сілтей жөнелетін жауаптылар не жасырып отыр

    Фариза

    Пікір қалдыру

    two × 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.