-4.1 C
Алматы
Воскресенье, 24 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шымкентте дәрі-дәрмек тапшылығын жою үшін жұмыстар жүргізілуде

    Шымкент дәріханаларын тиісті дәрімен қамтамасыз ету мақсатында көрші елдерден дәрі шығаратын фарм компаниялармен 10 миллион АҚШ доллары болатын дәрі-дәрмек алуға келісімшарт жасалды. Бұдан бөлек, қаладағы сегіз фармкомпанияға шетелден біржолғы тасымалмен дәрі әкелу бойынша рұқсат беріліп отыр. Қазіргі таңда Украина елінен дәрілердің алғашқы легі ұшақпен Алматыға келді. Енді жүк көлігімен Шымкентке жеткізіледі. Осылайша, қаладағы дәріге деген тапшылықты шешу жағы қарастырылып жатыр. Бұл туралы қала әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр мәлімдеді.

    Оның айтуынша, пневмония мен ЖРВИ-ға байланысты халық арасында сұранысқа ие «левофлоксацин» препаратының 1 млн 600 мың флаконы, 414 мың флакон «цефтриаксон», 100 мың қорап «дексаметазон» және 200 мың қорап «аскарбин қышқылы» сынды 20-дан аса қажетті дәрілерді алу бойынша келісімшарт түзілді.

    Бүгінгі таңда Шымкент қаласында тіркелген 560 дәріханада бір айлық дәрі-дәрмек қоры бар. Онда дене қызуын төмендететін препарат, вирусқа қарсы препараттар мен антибиотиктер және «С» дәрумендері бар.

    Қала әкімінің бірінші орынбасары,сондай-ақ, дәрінің бағасын бақылау мақсатында құрылған төрт мониторингтік топ бүгінде 167 дәріханада болып, халық сұранысындағы дәрі-дәрмектердің қолжетімділігі мен бағасының тұрақтылығына зерделеу жұмыстарын жүргізгенін айтты. Нәтижесінде 50-ден аса жайт анықталып, оның 10-на қылмыстық іс қозғалған.

    Г. ҚАПАЛ.

    қатысты посттар

    Электронды билеттендіру табысты еселей түспек

    Байзақтағы оқиғадан зардап шеккен барлық үй жаңғыртылып, пайдалануға берілді

    Фариза

    Таразда қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау үшін 4 бригада құрылған

    Фариза

    Пікір қалдыру

    17 − two =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.