Шымкент қаласында биыл оқу жылын 172 білім беру ұйымында 8 885 түлек мектеп бітірді. Оның ішінде Ұлттықбірыңғай тестілеу тапсыруға 6 845 түлек өтініш білдірген.
Түлектер тестті 21 – 30 маусым аралығында тапсырды. Өтініш білдірушілердің арасында ҰБТ тапсырғандар саны 6 468 болса, тапсырмағандар саны – 377.
Денсаулық жағдайына байланысты 8 түлек тестілеугежіберілмеген. 182 талапкер рұқсат етілмеген заттарды алыпкірмек болғаны үшін тестке жіберілмеген, 53-і тест кезіндеережелерді бұзғаны үшін шеттетілген. 134 – түрлісебептермен тестке келмеген.
308 талапкер — тамыз айында өтетін ақылы негізде өтетінтестке тіркеліп, тапсыратын болады. Ал 8 талапкер орта арнаулы білім беру (колледж) ұйымдарына түсуге ниетбілдірген. 53 талапкер — 2020 жылғы қаңтар айында өткенақылы негіздегі тесттің қорытындысы негізінде ЖОО құжаттапсыратын болады.
Ғимаратқа кіргізу кезінде дене қызуының жоғары болуынабайланысты 8 талапкер ҰБТ-н 19 шілде тапсаратын болды.
Айта кету керек, ҰБТ тапсыру ешбір түлеккеміндеттелмеген. Яғни, әрбір талапкер ЖОО орнына түсуүшін өз еркімен тест тапсыруға өтініш білдіре алады. Сондай-ақ, тест нәтижесін ЖСН арқылы тек өзі ғанакөруіне мүмкіндік бар.
Г. ҚАПАЛ