-0.1 C
Алматы
Суббота, 9 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылордада жартылай фабрикаттар шығаратын цехтың жұмысы қарқынды

    Отандық өндірісті дамыту мақсатындағы «Қарапайым заттардың экономикасы»
    мемлекеттік бағдарламасы бүгінде өңір кәсіпкерлеріне өз тиімділігін көрсетуде.
    Оның дәлелі ретінде жеке кәсіпкер Айдос Алменовтың ет өнімдерінен жартылай фабрикат
    өндірісін атап өтуге болады. Ол кәсіпкерлікті 2008 жылы Қызылорда қаласында ет
    сатудан бастап, кейіннен тұрғындардың сұранысына қарай жартылай фабрикаттар
    әзірлеуді қолға алған.

    Кәсіпкер 2017 жылы өз қаражаты есебінен сұранысқа сәйкес өндірілетін өнімнің
    ассортиментін кеңейтіп, тұшпара, фарш, тефтелдер, фрикаделькалар, котлеттер және өзге
    де жартылай фабрикаттар шығаратын цехтың құрылысын бастады. 2019 жылы «Ресей
    жинақ банкі» арқылы 30 млн. теңге несие қаражатын алып, «Қарапайым заттардың
    экономикасы» бағдарламасы аясындағы мемлекеттің қолдау шарасы негізінде цехты
    толығымен іске қосқан.

    Бүгінде кәсіпкер тәулігіне 1 тоннаға жуық ет өнімін жартылай дайын өнімге
    айналдырып, әзірленген өнімді «KEREMET-ET» брендімен облыс бойынша 250-ге жуық
    сауда орындарына өткізуде.

    Жеке кәсіпкер цехта 40-тан астам тұрғынды жұмыспен қамтып отыр.
    «Үкімет қазіргі төтенше жағдай кезеңінде шағын және орта бизнеске ерекше мән
    беріп, қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру, бизнесті тексеруді азайту, сондай-ақ,
    салықтық жеңілдіктер беру мүмкіндіктерін қарастырды. Мемлекеттің бұл қолдау
    шараларынның шапағатын көріп отырған кәсіпкерлердің бірімін. Мұндай жеңілдіктер
    қазіргі бизнестің тоқырау кезеңінде қайта қалыпқа келуі үшін үлкен мүмкіндік береді», –
    дейді Айдос Алменов.

    Жалпы биылғы жылы мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар аясында
    жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың 1,5 мыңға жуық бастамасын
    гранттармен, шағын және орта бизнестің 500-ден аса жобасын жеңілдетілген несиелермен
    қамтамасыз ету көзделіп отыр.

    Бұл өз кезегінде өңірімізде шағын және орта бизнесте жұмыспен
    қамтылғандардың санын ұлғайтуға, өнім көлемін арттыруға, жалпы өңір экономикасының
    одан әрі дамуына өзіндік ықпалын тигізбек.

    қатысты посттар

    Біртанов бюджет қаражатын ысырап етті деген күдікпен қамауға алынды

    Фариза

    Карантинге байланысты мемлекеттік және әскери нысандардың күзеті күшейтілді

    Шымкент: 6 айда индустриялық аймақтардан 1,3 млрд теңге көлемінде салық түскен

    Фариза

    Пікір қалдыру

    5 × three =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.