-13.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылордада мобильдік топ тегін қызмет көрсетуде

    Бүгінде эпидахуалдың күрделенуіне байланысты Қызылорда қаласында жедел-
    жәрдем қызметінен бөлек мобильдік топтар қызмет көрсетуде.

    Мәселен, №6 қалалық емханадағы мобильдік топ қызметінің жұмысы жүргізілуде.
    Бұл емхана 65 214 тұрғынға қызмет көрсетеді. Медициналық нысанға қарасты
    аумақ үлкен болуына байланысты аймақтарға бөлініп, наурыз айынан бастап 4 мобильді
    топ бекітілген. Ал емханада арнайы құрылған Call-орталықта 4 оператор шақыртуларды
    қабылдап, жауапты мобильдік топ дәрігеріне науқастың мекен-жайы мен жағдайын
    хабарлайды.

    Дәл қазіргі уақытта Call-орталыққа күніне 200-220 шақырту түсіп, әр дәрігер кем
    дегенде 50-ден астам пациентке көмек көрсетеді.

    «Шақыртулардың 90 проценті салқын тию, дене қызуының көтерілуі, құрғақ
    жөтелге байланысты болып отыр. Дәрігерлер пациенттің үйіне барысымен дене қызуын
    өлшеп, тамағын қарап, өкпесін тыңдайды. Егер науқастың жағдайы ауыр халде болса,
    кезекші ауруханаға тасымалдайды. Арнайы мониторинг барысында пациенттердің 70
    процентіне ЖРВИ, 20 процентіне пневмония диагнозы қойылатыны анықталды. Айта кету
    керек, пневмониямен ауырған сырқаттарға дәрі-дәрмек тегін берілуде және науқастар үй
    жағдайындағы күндізгі стационарда емделуде. Дәрі-дәрмек жеткілікті», – деді бас
    дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Нұргүл Жалғасбаева.

    қатысты посттар

    Қызылорда облысының әкімі Семей ядролық полигонынан зардап шеккен азаматтардың рухына тағзым етті

    Фариза

    35 жастағы ер 13 жастағы қыздарды зорлап, оны видеоға түсіріп алған

    Белгілі қызылордалық кәсіпкер Сырдария ауданына өкпені жасанды желдету аппаратын алып берді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    13 + eleven =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.