-14.1 C
Алматы
Вторник, 24 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    ШЫМКЕНТ: ҚАШЫҚТАН МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТЕТІН ПОРТАЛ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

    Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Инстаграм парақшасында мәлімдеді.
    – Еліміздегі, атап айтқанда, Шымкент қаласында қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға
    байланысты бізге медициналық қызметкерлердің консультациясы мен көмегі қажет екені
    өздеріңізге белгілі. Медициналық көмек қазір халық үшін қолжетімді болуы тиіс. Алайда, қажетті
    медициналық көмекті біз барлық санитарлық — эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып,
    алуға тиіспіз. Қашықтан медициналық қызмет көрсету бүгінгі күні пациенттің өзі мен
    айналасындағылар үшін ең қауіпсіз болып отыр.
    Осыған орай, қаламызда келесі аптадан бастап қашықтықтан медициналық көмек алу 1430.kz.
    порталы арқылы қолжетімді болады, — деді қала басшысы.

    Қала әкімінің айтуынша, аталған сервис арқылы қаланың, ауданның, шалғай мекеннің әрбір
    тұрғыны үйден шықпай-ақ медициналық көмекке жүгінуге мүмкіндік алады. Бұл үшін 1430.kz
    порталында тіркеліп, қажетті маманды таңдап, онлайн-қабылдауға жазылу жеткілікті. 1430.kz
    сервисі арқылы емханалардың білікті мамандары қызмет көрсетеді, сіз жалпы практика
    дәрігерлерінен, педиатрлардан, сондай-ақ салалы мамандардан көмек ала аласыз. Алдағы аптада
    1430.kz порталына тіркелу және қолдану туралы ақпарат таратылатын болады.

    — Қазір ауруларды, соның ішінде коронавирус инфекциясын емдеу бойынша көптеген дәйексіз
    ақпарат пен нұсқаулықтар әлеуметтік желілерде кеңінен тарап жатыр.
    Өзін-өзі емдеуге және дәрігердің тағайындауынсыз дәрі-дәрмек қабылдауға болмайтынын есте
    сақтағандарыңыз жөн, деді М.Әйтенов.

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    Қала әкімдерінің рейтингі

    Шымкент: Провизорлы орындар мен күндізгі стационарларда ем алушылар 77%-ға азайды

    Фариза

    Шымкентте 4 мамырдан бастап кәсіпкерлік нысандарының екінші кезеңі басталады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    5 × 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.