Бүгін Әл-Фараби ауданы әкімі Ғ.Мәуленқұлов бастаған қоғамдық мониторингтік топ аудан
аумағындағы орналасқан ірі дәріханаларда болып, халық сұранысындағы дәрі-дәрмектердің
қолжетімділігі мен бағасының тұрақтылығына зерделеу жұмыстарын жүргізді.
Ондағы мақсат – дәріхана сөрелерінде дәрі-дәрмек тапшылығын, бағаларының шарықтау
деңгейін, сатып алынған дәрі-дәрмекке чек берілу-берілмеуін қадағалау, сондай-ақ дәрі
бағаларының мемлекет бекіткен баға тұрақтылығы мен халыққа қолжетімділігі бойынша
мониторинг жүргізу.
Әл-Фараби ауданы аумағында жалпы 118 дәріхана бар. Олардың 32-сі 24 сағат жұмыс істесе,
қалған 86-сы күнделікті 9:00-ден кешкі 21:00-ге дейін қызмет көрсетеді.
Мониторингтік топтың зерделеу жұмыстары барысында кейбір қажетті дәрі-дәрмек сөрелерде
жоқ екендігі анықталды, алайда онда алмастырушы дәрілер бар екені белгілі болды. Тиісті
мамандардың мәліметінше, алдағы 3 күн ішінде барлық дәрі-дәрмек халыққа толық қолжетімді
болатынын мәлімдеді. Қазіргі уақытта "Бірінші дәріхана", "Еврофарма" "Зерде" сынды
дәріханалар жүйесінде вирустың алдын алуға арналған дәрі-дәрмектердің 90% бар. Бағасы
тұрақты.
Айта кетсек, қазіргі таңда Шымкент қаласында 10 ірі көтерме дәрі-дәрмек және медициналық
құрал-жабдық жеткізіп беруші мекемелер жұмыс атқарады. Бүгінгі күні қалада бір айлық дәрі-
дәрмек қоры бар, оның ішінде дене қызуын төмендететін 115 843 препарат, 136 352 вирусқа
қарсы препарат, 133 040 антибиотиктер және 44 253 қорап «С витаминдері» бар.
Г. ҚАПАЛ