13 C
Алматы
Вторник, 5 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Елімізде аза тұту күні белгіленді. Тәуелсіз Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні неше рет болған?. Бұл жолы көк байрағымыз қатерлі індеттін көз жұмған отандастар құрметіне түсіріледі.

    Соңғы күндері коронавирус пен пневмониядан жан тапсырған жерлестер қатары күрт көбейді. Бірі
    ауруханада, бірі оған жетпей ажал құшып жатыр. Көзге көрінбейтін жау үлкен-кішіні, бай мен
    кедейді таңдап жатқан жоқ.

    Қатерлі індетке медицинаның қауқарсыз болғанын ел Президенті мойындады. Қасым-Жомарт
    Тоқаев бұл туралы жұртшылыққа жасаған үндеуінде жеткізді. Салдарынан өлім көрсеткіші де күрт
    көбейген. «Жақынынан айырылған әр отбасының қайғысы жаныма батады» деген ол 13-шілдені
    қаралы күн деп жариялады.

    Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні ең алғаш рет 2006 жылы орын алған. Ол кезде Қарағанды
    облысында шахтада апат орын алып, 41 кенші қайтыс болған еді. Араға екі жыл салып, қайғылы
    оқиға тағы да қайталанды. Абай шахтасында 30 адам ажал құшты.

    2010 жылы Қызылағашты су алып, қаралы күн жарияланса, екі жылдан соң Арқанкергенде атыс
    болып, тағы да төмен түсірілді. Осылайша бас аяғы елімізде 9-шы рет жалыұлттық аза тұту күні
    жарияланып отыр. Бұған дейін өткен жылы Алматы маңында жолаушылар ұшағы құлап, 28
    желтоқсан қаралы күн болып бекітілген еді.

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    Шымкент: заңсыз құрылыс жұмыстары тоқтатылды

    Фариза

    Шымкентте кәсіпорындардың санитарлық норманы сақтауы бойынша рейд жалғасуда

    Фариза

    ШЫМКЕНТТЕ ШЕКТЕУГЕ ШЕКЕДЕН ҚАРАЙТЫНДАР КӨП. 32 НЫСАН ИЕСІ КАРАНТИН РЕЖИМІН БҰЗҒАН

    Фариза

    Пікір қалдыру

    nine − eight =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.