Четверг, 28 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шымкент: Дәріханалардағы 61 дәрілік заттар атауына мониторинг жүргізілді

    Шымкент қаласындағы дәріханалық ұйымдарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету, дәрі-дәрмектерді алыпсатарлық сатудың алдын алу, емдеу курсына бір қолға берілетін дәрі-дәрмектердің санын шектеу, рецептілер бойынша емдеу курсына рецептуралық дәрі-дәрмектерді сату бойынша мониторинг жұмыстары жүргізілді.

    Жүргізілген мониторинг нәтижесінде қаладағы барлығы 136 дәріхана бойынша 61 дәрілік заттар атауына мониторинг жүргізілді, оның ішінде: 24 атауынан ыстыққа түсіретін преператтар, 13 атауынан вирусқа қарсы препараттар, 20 атауынан антибиотиктер, 4 атауынан С витаминінің (таблеткалар мен инъекцияларда).

    Мониторинг барысында Шымкент қаласының дәріханаларында шекті бөлшек бағаны көтеру фактілері анықталған жоқ, алайда, ҚР ДСМ 15.07.2019 ж. № КР ДСМ-104 бұйрығымен бекітілген дәріханаларда шекті бөлшек сауда бағаларын арттырғаны үшін ҚР 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 426-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілік қарастырылғаны туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

    Қала дәріханаларында «Цефазолин», «Цеф 3», «Ацикловир», «Аскорбин қышқылы», сияқты дәрілік заттардың тапшылығы байқалады. Алайда осы препараттардың басқа сауда атауларымен аналогтары бар. Осыған байланысты, дәріханаларда дәрі-дәрмек жоқ болған жағдайда, халыққа дәрілік заттардың аналогтарын басқа сауда атауларымен сатып алу бойынша түсініктемелер мен ұсыныстар берілді.

    Мысалы: «Парацетамол, 200 мг таблеткалар», препаратының аналогы құрамында парацетамол дәрілік заты бар «Панадол, балаларға арналған сироп».
    Дәріханаларға қаланың барлық стационарларында тегін негізде қабылдауға болатын антибиотиктер, вирусқа қарсы, ыстыққа түсіретін препараттардың жеткілікті мөлшерде бар екендігі туралы халыққа хабарлау қажеттігі туралы түсіндірілді, ол үшін тіркелген жері бойынша медициналық ұйымға жүгіну қажет.

    Сонымен қатар, Департамент қаладағы дәріханаларда және дәріханалық қоймаларда дәрі-дәрмектердің бар болуына мониторинг жүргізуді жалғастыруда.

    Сонымен қатар Шымкент қаласы аумағында карантиндік режим талаптарының сақталуы бойынша мониторинг жүргізілді.

    Мамандар, 96 кәсіпкерлік нысанды тексерістен өткізді. Барлығына түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, карантин талаптарын сақтауды ескертті.

    Фариза Жандар

    қатысты посттар

    Шымкентте инвестордың көмегімен ашылған провизорлық орталықтан 200 науқас емделіп шықты

    Фариза

    Жаңғырту жұмыстары жүргізіледі

    Өңірді дамыту — ортақ міндет

    Пікір қалдыру

    three × four =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.