Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Халық қырылып жатса да, «СҚ Фармация» гуманитарлық көмекті 50 күн бойы ұстап отырған

    Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай күннен-күнге өршеленіп барады. Жұқтырғандар саны мен қайтыс болғандар саны көбеймесе азайған жоқ. Соған орай елдегі ахуалға алаңдаушылық білдірген шет елдер гуманитарлық көмек жіберген болатын. Дегенмен, халық келген көмекті естиміз де, бірақ, қайда кеткенін білмей қаламыз деп алаңдаушылық білдіруде. Тіпті, гуманитарлық көмек ретінде келген дәрі-дәрмектердің бүгінгі таңда дәріханаларда сатылып жатқандығын да айтып ашынуда. Осыған байланысты белгілі актер Нұртас Адамбай өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында елдегі жұқтырғандар мен өлім саны көбейіп бара жатқандығына қарамастан,  Катардан келген гуманитарлық көмекті  СК Фармацияның 50 күн бойы ұстап отырғандығын айтып, осы әрекеттері үшін жауап беру керек екендігін жеткізді:

    «Катар елінен келген гуманитарлық көмек елімізге 2020 жылдың 21 мамырында келген болатын. Сол уақыттан бері 50 күн өтті. Дегенмен, гуманитарлық көмек әлі күнге халықтың қолына жеткен жоқ. Ал дәл осы  уақыттың  ішінде Қазақстан әлемдегі коронавирустан зардап шегушілер бойынша бірінші орын шығып кетті. Адам өмірімен арпалысып жүрген дәрігерлердің өздері де вирус жұқтырып, олардың да өлім саны күннен-күнге артып барады. Күн сайын фейсбукте коронавирустан қайтыс болған жандардың тізімін көреміз. Елдегі ахуал күннен-күнге өршіп барады, ал СҚ Фармация Катардан келген гуманитарлық көмекті  50 күн бойы ұстап отыр. Бұны қалай түсінеміз?  Бұл әрекетті халыққа қарсы қолданған қару дегеннен басқа қалай айтуға болады?  Пандемия уақытысында сырттан келген көмекті үлестіру үшін 50 күнді ұстау ақылға сияды ма?  Ақыл-естерің орнында ма? Оянсаңдаршы! СҚ Фармация сіздер халықтың игілігі үшін жұмыс жасайсыздар ма, әлде, керісінше ме?», — деді Нұртас Адамбай.

    Сондай-ақ ол:  Қазір дәріханалардан сатып алынып жатқан дәрілердің қорабында Qatar Airlines-тің таңбасы белгілененін байқап жатқандар бар екендігін жеткізді.

    » Американың  Тамифлю секілді, бірақ, Катардың таңбасы белгіленген дәрі Қазақстанда қайдан жүр. Неліктен ауруханаларда керекті дәрілер жоқ? Ал сол дәрілерді адамдар дәріханалардан сатып алғанын айтып фейсбукка шығарады», — дейді.

    «50 күн бойы сіздер жіберілген көмектің, тіпті, бір бөлігін де таратуға шамаларыңыз жетпеді. Сәуірден бері ойланғандарыңызға қарағанда, соншалықты көмекті қайда жіберетіндеріңізді білмей бастарыңыз қатып отырған болуы керек. Немесе үстілеріңізде бір адам отырып, бетперде мен халаттарды жеп отыр ма? Ал біз мұнда сонша миллиондаған доллар ақша мен гуманитарлық көмек қайда кетті деп басымызды қатырып отырмыз.  Бірақ, әрине, сонша тонна жүк пен ақшаны тарату да оңай емес қой. Оған, тіпті, жарты жылда жетпейді, — деп ашынды ол.

    «Кеше фейсбукте бір әйел Алматыдағы дәріханалардың біріне Qatar Airlines жапсырмасы бар қораптарды кіргізіп жатқанын байқағанын айтты. Ол бұл қораптағылар Катар елінің шейхінің Қазақстанға жіберген гуманитарлық көмегі болуы мүмкін екендігін жеткізген. Бірақ, қазір ештеңеге таң қалуға болмайды. Көмек ретінде берілген дүиені сатып жатыр. Мен мұндай әілетсіздікпен күресу керек деп санаймын. Егер де сіздердің осыған байланысты дәлел ретінде келтіре алатын сурет немесе видеоларыңыз болса, жемқорлыққа қарсы күрес бөліміне хабарласуларыңызды сұраймын немесе менің әлеуметтік желідегі парақшаларыма жіберсеңіздер болады», — деп елдегі осындай орын алып жатқан әділетсіздікпен күресуге шақырды актер.

    Коронавирустың елімізде кеңінен етек алуына алаңдаушылық білдірген шет ел мемлекеттері бірінен соң бірі гуманитарлық көмек жіберген болатын. Атап айтатын болсақ:

    • 13 наурызда Алматыға АҚШ-тан және ВОЗ-дан гуманитарлық көмек келді;
    • 2 сәуір күні Қытайдан Алматыға гуманитарлық көмек келді;
    • 4 сәуір күні Ақтөбеге 720 000 бетперде, 3000 арнайы костьюм, гуманитарлық көмек ретінде келген болатын;
    • 6 сәуір күні 5,5 тоннаны құрайтын гуманитарлық көмек Қытайдан Астанаға жеткізілген;
    •  Біріккен Араб әмірлігі де 13 тоннаны құрайтын көмек көрсетті;
    • Польша 100 000 бетпердені көмек ретінде жіберсе, Джек Маның өзі 4,5 тонна гуманитарлық көмек көрсетті;

    Сырттан келген көмектен бөлек еліміздің біршама азаматтары да қомақты қаржы бөлді:

    • Тимур Күлібаев 10 миллион доллар;
    • Айдын Рахымбаев 2 миллион доллар;
    • Ғалымжан Есенов 2 миллион доллар;
    • Рашид Сәрсенов 2 миллион доллар ;
    • Александр Клебанов 2 миллион доллар;
    • Александр Белович 2 миллион доллар ;
    • Кеңес Рақышев 1 миллион доллар;

    Байқап отырғанымыздай бөлінген қаржы да, сырттан келген көмек те аз емес. Дегенмен, халық әлі күнге дәріге қолы жетпей, ауруханаға сыймай қырылып жатыр. Шамасы жеткендер дәріні сатып алып әлек. Ал халыққа тегін үлестіру керек болған гуманитарлық көмектің қарасын да көрмедік. Ал бүгін мемлекеттен бөлінген 191 миллиардтың 600 миллионы PR үшін жұмсалсағаны белгілі болса, 200 миллионы қайда кеткені белгісіз. Осындай халық қырылып, жан бағуға ғана көшкен уақытта да жемқорлар халықтың ақшасын қалтасына басып үлгеруде. Жемқорлардың қарны тою үшін әлі халық қаншалықты қырылуы керек.

    қатысты посттар

    Министр кей азаматтардың 42 500 теңгені екінші рет неге ала алмай отырғанын түсіндірді

    Фариза

    Жүктілерге 425 мың теңге төлене ме? Министр жауап берді

    Шымкенттегі 17 жастағы жасөспірімнің өлімі бойынша бес күдікті қамауға алынды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    ten + ten =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.