-11.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Президент тапсырмасы: Қызылордада дәрі сатқан медбике ұсталды

    Қызылордалық медбике инъекцияға арналған «Дексаметазон» ерітіндісінің бір
    ампулын 1500 теңгеден сатқан.

    Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінде заңсыз
    кәсіпкерлікті жүзеге асырды деген күмәнмен, яғни лицензиясыз дәрі-дәрмек сату фактісі
    анықталып, сотқа дейінгі тергеу басталды.

    Департамент қызметкерлеріне және басқа сатып алушыларға медбике көтеріңкі
    бағамен 15 дана ампула сатқан.

    Дәрі-дәрмекті сатып тұрған тұлға медицина қызметкері болуы себепті,
    Қызылорда облысы Бас санитар дәрігерінің 07.07.2020 жылғы №17 қаулысымен құрылған
    «Қызылорда облысы денсаулық сақтау субъектілерінің дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілуі
    мәселелері бойынша» мониторингтік тобымен қазіргі кезде аталған дәрі-дәрмектің тегін
    берілуге жататына немесе нақты сатылу бағасы туралы эксперттердің қатысуымен тексеру
    жүргізілуде.

    Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214-бабы 1-бөлігімен қозғалған
    қылмыстық іс департаменттің өндірісінде.

    қатысты посттар

    Қызылордалық эпидемиологтар ауру ошақтарына жаңа көліктермен баратын болды

    Фариза

    «Құран осы шынымен мұсылмандарға түскен бе, бүкіл жауыздық мұсылман елінде болып жатқан сияқты»

    Танымал жазушы Қабдеш Жұмаділов дүниеден озды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    one + eighteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.