24 C
Алматы
Сейсенбі, 7 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Пневмониядан тоғыз шымкенттік дәрігердің қайтыс болғанын қалалық денсаулық сақтау басқармасы растады

    Әлеуметтік желілерде Ковид-19 індетінен науқастарды құтқарған шымкенттік дәрігерлердің
    өздері бақилық болғаны туралы бейнежазба тараған болатын.

    «Олар біз үйде отырғанымызға қарамай, қиындықтан қашпады, алдыңғы шепте инфекциямен
    күресті. Бірақ олардың әрқайсысының балалары, немерелері, әкелері мен аналары бар болатын,
    олар өздерінің ұлдарын, қыздарын, аналарын, әкелерін, әжелері күтіп отырған болатын … Мен
    оларға тағзым етемін … », – деп жазды Клара Серікбаева әлеуметтік желіде.

    Денсаулық сақтау басқармасы дәрігерлер 3 маусымнан 7 шілде аралығында қайтыс болғанын
    растады. «Қайтыс болған дәрігерлер хирург, педиатр, гинеколог, лаборант, узист болып жұмыс
    істеген. Олар ең мықты мамандар болатын. Медицина қызметкерлерінің өліміне екі жақты
    пневмония себеп болып отыр», – деді қалалық денсаулық сақтау басқармасынан.

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ МАҚСҰТ ИСАХОВ ҚАРТТАРДЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ

    Фариза

    Шымкентте 11 елді-мекенге ауыз су жүргізіледі

    Фариза

    Қатонқарай аудандық сотының өкілдері ардагерлерді құттықтады

    Пікір қалдыру

    2 × 3 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.