-8.1 C
Алматы
Четверг, 12 марта 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылорда шенеуніктерінің қызметтік көліктері жедел-жәрдемге берілді

    Қызылорда шенеуніктерінің қызметтік көліктері жедел жәрдемге берілді. Оның
    жанар-жағармайын да қала әкімшілігі өз мойнына алған. Осылайша 30-ға жуық қызметтік
    көлік тәулік бойы тұрғындардың шақыртуларына дәрігерлерді жеткізуде.⠀

    Аймақтың ауданындағы шенеуніктер де жақын күндері өз көліктерін денсаулық
    сақтау мекемелерінің мұқтаждығына беруге дайын екендіктерін айтып отыр. Десе де,
    аймақта әлі де маман тапшы.⠀

    «Облыста реаниматолог және аудандарда инфекционист мамандардың
    тапшылығы бар. Мәселені шешу үшін егер кеңес керек болатын болса, Нұр-Сұлтан
    қаласындағы және Алматы қаласындағы әріптестеріміз кеңесін уақытылы беріп отыр.
    Егер аса қажетті мамандар болып жатса осы аудандарға қаладағы мамандарды жіберу
    мәселесін шешіп отырмыз», – деді облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының
    орынбасары Олжас Ысқақов.

    қатысты посттар

    Жамбыл облысында ауыл имамы құрдасын пышақтап өлтіріп, артынан өзі асылып қалды

    Қадір түніне байланысты жиі қойылатын 7 сұрақ

    Жәрмеңке: Қызылордалықтар елорда тұрғындарына 360 тоннаға жуық өнім ұсынуда

    Фариза

    Пікір қалдыру

    5 − 3 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.