Пятница, 28 ноября 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шымкентте өкпені жасанды желдету аппараты (ИВЛ) шығарылады

    Бұл туралы қала әкімі Мұрат Айтенов Instagram парақшасында хабарлады.

    Қала басшысы «Kazmedpribor Holding» ЖШС директоры Рахат Байзақовпен пандемиямен күрес мәселелерін талқылады.

    Рахат Тұрғанбекұлы қала тұрғындарына 150 дана төсек-орын, инфузия құюға арналған 400 дана штатив және 40 дана медициналық бағана сыйлады.

    Өзінің алғысын білдірген Шымкент қаласының әкімі жақын арада әкімдік қолдауымен «Kazmedpribor Holding» ЖШС-і  ӨЖЖ аппаратын шығаратынын жеткізді.

    «Біз бұл жобамен үш ай бойы жұмыс жасадық. Ендігі кезекте қажетті сертификатты алсақ, аппаратты шығара бастаймыз. Алдымен, қаланы толығымен қамтып, содан кейін еліміздің өзге қалаларына көмектесетін боламыз. Бүгінгі басты жағымды жаңалық осы», — деді М.Әйтенов.

    Қазіргі таңда қаладағы медициналық мекемелерде 323 ӨЖЖ аппараты, оның ішінде 130 портативті аппарат бар. Сондай-ақ, 250 «Бобров» тыныс алу  аппараты, 10 монитормен қамтамасыз етілген.

    К. ҚАПАЛ.

     

    қатысты посттар

    Қызылордада Сырдария өзенінің сол жағалауын игеру жұмыстары жалғасуда

    Фариза

    Шымкентте жаңа оқу жылы абай өлеңін оқумен басталды

    Фариза

    Шымкент: Спорт басқармасы мен Қазақстан футбол федерациясы меморандумға қол қойды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    8 − three =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.