-6.1 C
Алматы
Суббота, 28 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    МӘМС: МОБИЛЬДІ БРИГАДАЛАР ПАЦИЕНТТЕРГЕ ҮЙДЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕДІ

    Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, емханалар жанынан COVID-19 және пневмония
    белгілері бар пациенттердің ауруларының асқынуларын алдын алуға, стационарда емделгеннен
    кейін шығарылған науқастарды бақылау үшін мобильді бригадалар (фельдшерлік немесе
    дәрігерлік) құрылады.

    Бұдан басқа, мобильді бригадалар созылмалы аурулары бар пациенттерге
    үйде қызмет көрсетеді, жүкті әйелдер мен балаларға көрсетілімдер бойынша патронаж жүргізетін
    болады. Бұл жөнінде «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы
    бойынша филиалының директоры Асхат Бейсенбаев хабарлады.

    «Мобильдік бригадалар ЖРВИ/КВИ/тұмау/пневмония белгілері пайда болған кезде пациенттердің
    үйіне барып, ПТР-тестке материал жинауды жүргізеді. Сондай-ақ, диагноз қоюға байланысты
    медициналық тексереді. Қызметтің бұл түрі тегін болады. Осы қызметтерді көрсеткен емханаларға
    ақыны «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ төлейді», – деді, филиал директоры.
    Есеп айырысу бойынша, мобильді бригаданың бір шығуы үшін тариф 5 400 теңгені құрайды.
    Мобильді бригаданың қызметкерлері жеке қорғаныс құралдарымен, пульсоксиметрлермен және
    басқа да қажетті көмек көрсету және сол жерде кеңес беру құралдарымен қамтамасыз етіледі.

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    Көгілдір отын — көптің қуанышы (видео)

    Бесқарағай ауданы мен Тассай ауылындағы мектептің оқушыларына виртуалды-интерактивті лабораториялық жұмыстар істелетін кешенді тарту етті

    Жамбыл ауданы Бірлесу-Еңбек ауылындағы Бірлесу-Еңбек орта мектебінің ашылу салтанаты өтті

    Пікір қалдыру

    6 + fifteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.