Суббота, 9 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылорда қаласының коммуналдық саласында тың серпіліс бар

    Қызылорда облысында «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында
    жылу жүйелерін жаңғырту бойынша қаржы бөлініп, 11 жобаның жұмысы басталды. Оның
    ішінде, қазандықтар мен газотурбиналық қондырғылар және жылу жүйелері жөнделетін
    болады. Бұл туралы Қызылордаоблысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық
    шаруашылық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ерлан Жоламанов мәлімдеді.

    «Қызылорда қаласында біршама құбырлар жаңартылып, жылумен қамтылатын
    болады. Жөндеу жұмыстарына 6 мердігер компания тартылды. Қазіргі таңда,жұмыстың
    15-20 пайызы істелді. Сондай-ақ, Қарағанды қаласынан изоляцияланған құбырлар
    әкелінді. Шаһарда бірнеше жылу құбырларының желісі жаңғыртылады. Атап айтқанда,
    қаладағы Яссауи көшесінен бастап Жеңіс көшесіне дейін Бөкейхан көшесінің бойының
    құбыры ауыстырылады.

    Транзитты құбыр «Южный» аймағын жылумен қамтиды.
    Желтоқсан көшесінен бастап Байтұрсынов көшесіне дейін Тоқмағанбетов көшесінің
    бойындағы құбыры ауыстырылады. Яссауи көшесінен бастап Шоқай көшесіне дейін
    Панфилов көшесінің бойының құбыры ауысады. Белкөл кентіндегі құбыр ауыстырылып,
    кенттегі көпқабатты тұрғын үй, мектеп, балабақша, клуб, әкімшілік ғимараты жылумен
    қамтылады. Бөкейхан көшесінен бастап Шоқай көшесінің бойымен «Шұғыла» мөлтек
    ауданындағы үйлерге дейінгі құбыры ауысады. Сүлейменов көшесінен бастап Әуезов
    көшесінің бойымен Тәжібаев көшесіне дейінгі, Қазантаев көшесінен бастап Әуезов
    көшесінің бойымен Әйтеке би, Тоқмағанбетов, Қазыбек би көшесіндегі үйлердің
    құбырлары ауыстырылады. Сондай-ақ, 19 көпқабатты тұрғын үйлер мен бірнеше
    мекемелердің жылумен қамтылады», – дейді Ерлан Ералыұлы.

    Мұнан өзге, ауыз су және кәріз желілері, 11 КНС, 7 су өндіру кешенінің
    құрылысы жүргізілуде.

    Сондай-ақ, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында Сырдария
    ауданы Жетікөл ауылы, Қараөзек станциясы және «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасымен

    Жаңақорған кентінде, Қазалы ауданы Бекарыстан би елді мекендерінде де сервистік су
    жүйелерін салу жұмыстары жүруде.

    қатысты посттар

    «Ифтар» емес ауызашар дегеннің не ыңғайсыздығы бар?

    Сырдарияда «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында 18 жоба іске асады

    Фариза

    Алматыда бизнесті рейдерлік жолмен тартып алумен айналысқандардың есімі жарияланды 

    Пікір қалдыру

    14 − 11 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.