-13.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылорда облысы цифрлық телевизияға көшуде

    Қызылорда облысында 1 шілдеден бастап 16 радиотелевизиялық станция (РТС)
    қолданысқа енгізілді.

    Осылайша, аумақтағы цифрлық эфирлік телехабар тарату желісі халықтың 81%-ін
    қамтитын болды. Ал бұл 183 елді мекенде тұрып жатқан 551 мың адам.
    Атап айтқанда, Жаңақорған ауданында 5 РТС, Арал ауданында 4 РТС, Қармақшы
    ауданында 4 РТС, және Жалағаш, Қазалы, Шиелі аудандарында бір-бір радиостанциядан
    іске қосылды.

    Айта кеткен жөн, 2018-2019 жылдары Қазақстанның алты өңірі: Маңғыстау,
    Түркістан, Жамбыл, Алматы, Қостанай және Павлодар облыстары цифрлық эфирлік
    телехабар тарату желісіне толықтай көшіп, аналогтық желі өшірілген болатын.
    Қызылорда қаласында цифрлық телевизия еліміздің барлық облыс орталықтары
    желіге қосылған сәт – 2013 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. «Қызылорда»
    радиотелевизиялық станциясы 7 жыл бойы аймақ халқының 38%-ін цифрлық сападағы
    отандық телеарналармен қамтамасыз етіп, 36 елді мекенге цифрлық эфирлік телехабар
    таратып келеді.

    Енді Қызылорда облысының шалғай орналасқан елді мекендерінің тұрғындары
    11, облыс орталығында 26 қазақстандық телеарнаны сандық сапада тамашалай алады.
    Арналар топтамасының құрамында жоғары сапалы HD форматындағы арналар да бар.
    Цифрлық эфирлік телехабар тарату желісінің артықшылығы сол – бір рет қосылған соң
    тегін көре бересіз, абоненттік төлемақының қажеті жоқ. Сонымен қатар, заманауи
    теледидарларға қызметті дециметрлік антеннаның көмегімен қосуға болады, ал ескі
    үлгідегі теледидар үшін цифрлық қабылдағыш сатып алу керек, оның бағасы 4000
    теңгеден басталады.

    Барлығы өңірде DVB-T2 форматында 31 цифрлық таратқыш қосылатын 30
    радиотелевизиялық станция тұрғызып, модернизациядан өткізу жоспарланған. Қазақстан
    телевизиясын цифрландыру бойынша бағдарламаны жүзеге асыру аясында, 2022 жылы
    облыста ЦЭТВ қамту аумағы 91 пайызды құрайтын болады. Цифрлық эфирлік телехабар
    сигналының қамту аумағына енбейтін 15 елді мекенде жерсеріктік «OTAU TV» желісіне
    қосылу мүмкіндігі қамтамасыз етілген. Нақтырақ айтсақ, осы елді мекендерде тұрып
    жатқан 893 үй шаруашылығының барлығы қазірдің өзінде «OTAU TV» қызметіне
    қосылған.

    Сондай-ақ облыста әлеуметтік әлсіз тұрғындарды цифрлық қабылдағыштармен
    қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. 2020 жылдың наурызындағы жағдай бойынша,
    атаулы әлеуметтік көмек алатын 8 мыңға жуық отбасының 7293-і ЦЭТВ қызметіне
    қосылған. Жылдың соңына дейін осы санаттағы тағы 50 үй шаруашылығын цифрлық
    қабылдағыштармен қамтамасыз ету жоспарланған.

    Цифрлық эфирлік телехабар тарату желісін енгізу жобасы «Цифрлы Қазақстан»
    мемлекеттік бағдарламасының аясында жүзеге асырылып жатыр. Осы бағдарламаға
    сәйкес, 2022 жылы Қазақстан толықтай аналогтық желіден бас тартуы тиіс.

    қатысты посттар

    Қызылордалық оқушының ғылыми жобасы патентке ие болды

    Фариза

    Әкім ауыл тұрғынын жақтастарымен бірге жабылып ұрды

    Фариза

    Елжан Біртановтың адвокаттары Президенттен көмек сұрады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    seventeen − ten =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.