-6.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова қаладағы бірқатар нысандардың жұмысымен танысты

    Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Қызылорда қаласындағы бірқатар медициналық нысан мен дәріханаларды және сауда орталықтарын аралады.

    Алдымен өңір басшысы қала тұрғындары жиі баратын «Magnum», «Small» сауда орталықтарына барып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасымен танысты.

    Сауда орталықтарындағы бағамен танысқан аймақ басшысы облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы мен қала әкіміне азық-түлік өнімдерінің бағасын негізсіз өсуін болдырмауды және ең бірінші қажетті нан, сүт өнімдерінің бағасын үнемі қадағалауды тапсырды. Сонымен қатар, эпидемиологиялық жағдайға сәйкес кауіпсіздік шараларды қатаң бақылауда ұстау қажеттігін де ескертті.

    Мұнан кейін ол облыс тұрғындарына алғашқы көмек көрсететін жедел медициналық көмек орталығының жұмысын көрді.

    Жедел жәрдем орталығының дәрігерлері бүгінгі күні атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Күніне келіп түсетін қоңыраулардың саны соңғы үш күнде азайғанын, дегенмен диспечерлер мен бригададағы мамандардың әлі де жетіспейтінін айтты.

    Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен қала әкіміне орталықтағы диспетчерлердің санын көбейту үшін шаралар қолдануды тапсырды. Сонымен қатар, жұмысқа медициналық колледждердің түлектерін еріктілер ретінде тартып, оларға қолдау көрсету мақсатында жеке кәсіпкерлермен бірлесіп жұмыс атқару қажеттігін мәлімдеді.

    Әрі қарай өңір басшысы облыстық медициналық орталықта болып, аурухана жұмысымен танысты. Бас дәрігер облыс әкіміне орталықтың қажетті дәрі-дәрмектерімен толық қамтамасыз етілгенін жәнеемделушілердің саны мен жағдайына қатысты есеп берді.

    Мұнан кейін өңір басшысы қаладағы «Ақ қайың» дәріханасында болды. Дәріхана жетекшісі дәрі-дәрмектердің не себепті жетіспей жатқаны туралы әңгімеледі. Гүлшара Әбдіқалықова облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы мен Қызылорда қаласының әкіміне дәрі-дәрмектердің негізсіз өсуін болдырмау мақсатында шаралар қабылдап, бағасын қадағалау және дәрі-дәрмектер бойынша тұрғындар қажет ақпарат алу үшін сенім телефондары мен «Whats App» желісінен арнайы конференция ашуды тапсырды.

    Сонымен қатар, аймақ басшысы «СК-Фармация» ЖШС қоймасы мен облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының, қалалық орталық дәріхананың және қалалық аурухананың жұмысымен де танысты. Дәрігерлер облыс әкіміне дәріхана мен ауруханаларда дәрі тапшылығы мен орын жетіспеушілігі туралы баяндады. Өңір басшысы қала әкіміне тез арада жедел шаралар қабылдауды тапсырды.

    Сондай-ақ, облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансерінің жұмысын көрген аймақ басшысы мекеменің Бас дәрігеріне және облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушысы мен қала әкіміне шұғыл түрде диспансердегі емделушілерді Талсуаттағы ғимаратқа көшіріп, 120 орындық жұқпалы аурулар стационары етіп өзгертуді, өкпені жасанды желдету аппараты, оттегі және тағы басқа қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуді тапсырды.

    қатысты посттар

    Қызылорда облысында 83 мың мұқтаж отбасыға көмек көрсетілді

    Фариза

    Каспий банк шоттарында ақша жоғалып жатыр

    Фариза

    Қызылорда облысының Сырдария ауданында жаңа жоба іске асырылуда

    Фариза

    Пікір қалдыру

    one + 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.