10 C
Алматы
Пятница, 18 октября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылордада инфекциялық ауруларға арналған орын саны артты

    Қызылордада қосымша инфекциялық ауруларға арналған 80 орын ашылды.
    Оның жиырмасы Ана мен бала орталығында, қалғаны облыстық және қалалық
    көпбейінді ауруханада жабдықталды. Бұған дейін ауыр жағдайдағы науқастар тек
    облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында ем алып келді.

    Өңірде эпидемиологиялық ахуалдың күрделенуіне байланысты инфекциялық
    стационар 265 төсек-орынға кеңейтіліп, 510 орынға артты.

    Провизорлық стационарда 700 төсек бар. Ал, карантиндік орын саны қазір
    барлығы 860-ты құрайды.

    «Қазіргі таңда провизорлық төсек-орындар қаланың көлемінде қалалық аурухана
    толық провизорға ауысты, темір жол ауруханасынан 40 төсек, тері аурулары
    ауруханасынан 50 төсек орын, психоневрологиялық орталықтан 30 төсек-орын,
    фтизиопульмонология орталығынан 80 төсек-орын бүгін ашамыз, яғни барлық
    ауруханалардың мүмкіндігін қазір толық пайдалануға жұмыс жасап жатырмыз», – дейді
    облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов.

    қатысты посттар

    43 градус ыстық: Елімізде ауа райы қалай болмақ?

    Қызылордада атом саласының үздік қызметкерлері марапатталды

    Фариза

    Қызылорда қаласында эпидахуал тұрақты бақылауда

    Фариза

    Пікір қалдыру

    1 × one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.