-5.1 C
Алматы
Воскресенье, 24 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    МӘМС: Кәсіпкерлер жарнадан босатылған қызметкерлерін сақтандыруы керек

    Еліміз бойынша шағын және орта бизнестің 800 мыңнанастам қызметкері 1 қазанға дейін медициналық сақтандыружарналары аударымдарынан босатылған. Бұл жөнінде«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басқарушы директоры Азамат Өміртаев мәлімдеді.

    Ағымдағы жылдың 1 шілдесіне міндетті әлеуметтікмедициналық сақтандыру жүйесінде жеңілдік кезеңіаяқталды. Тұрғындар осы уақытқа дейін шартты түрдесақтандырылып, МӘМС пакеті шеңберінде медициналықкөмек алуға құқылы болады.

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Экономиканытұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» қаулысына сәйкес шілде, тамыз, қыркүйек айларындашағын және орта кәсіпкерліктің  29 санаты жарна төлеуденбосатылды.

    Яғни, кәсіпорындар қызметкерлерінің еңбекақыларынанжарна мен аударымдарды ұстамайды. Сонымен қатар, шағын және орта кәсіпкерлік қызметкерлері медициналықсақтандыру пакеті бойынша көрсетілетін қызметтердітолықтай алуға құқылы.

    Ағымдағы жылдың наурыз айында эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысқан медицина қызметкерлеріне төленетінүстемеақыдан МӘМС үшін жарна ұсталынбайды.

    Кәсіпорындар өз қызметкерлерінің тізімін ай сайын 25 күннен кешіктірмей электронды форматта ұсынуы тиіс. Бұлүшін кәсіпорындар Мемлекеттік кірістер комитетініңсайтындағы  https://msb.fms.kz/login сілтемеге мекеменіңБСН енгізіп, өтуі қажет (Тізімде БСН болмаса мекеменітіркеу мүмкін емес). Мұнан соң, электрондық цифрлыққолтаңба арқылы заңды тұлға немесе жеке кәсіпкертіркеліп, Қордың ақпараттық жүйесіндегі пайдаланушыныңкелісіміне электронды қол қоюы қажет. Жүйеде МӘМС- кежарна төлеуден босатылған қызметкерлердің ЖСН (Excelфайлмен) тізімі қосылады. Айта кетерлігі, бар деректердіқайта енгізбей, өзектендіуі қажет. Енгізілген ақпарат ай сайын Мемлекеттік кіріс комитетіне берілетін болады.

    Егер шағын және орта кәсіпкерліктің қызметкерлеріемханадан МӘМС пакеті бойынша қызметті алуғамүмкіндіктері болмаса, онда ол Qoldau 24/7  мобильдікқосымшасы арқылы өз бетінше жолдауына болады. Мәселен, қосымшаны телефонға жүктейді, электрондымекенжайы, тегі, ЖСН, телефон номерін көрсеткені жөн. Қосымшадағы консультация бөліміне «Мен шағын жәнеорта бизнес қызметкерімін. Карантиндік жағдайға орайаударымдар мен жарнадан босату жеңілдігін алуғабайланысты ақпаратты енгізіп отырмын». Сонымен қатар, кәсіпорынның  БСН-нің не болмаса жұмыс берушінің ЖСН және өзінің ЖСН-нің енгізуі керек. Жұмыс берушімен еңбекқатынастарын растайтын құжатты тіркеуі қажет(тағайындау туралы бұйрық немесе еңбек келісімшарты).

    Мұнан соң, операторлар жарты сағаттың ішінде ШОБ-тіңжарна аударудан босатылған субьектілер тізімінде екеніңанықтап, қызметкерге 1 айға сақтандырылған мәртебесінбереді. Сондықтан қызметкер өзінің жұмыс берушісіненҚордың ақпараттық жүйесіне өзі туралы деректердіенгізуіне өтініш жасауы керек. Сонда қызметкер МӘМС жүйесінің толық қатысушы құқығына ие болады.

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    Шымкент қаласының әкімі Кореяның бас консулымен кездесті

    Фариза

    Жамбыл мектептеріндегі бейне-бақылау камералары бір орталықтан бақыланады

    Фариза

    Шығыс Қазақстан соя мен жүгеріні ҚХР-ға экспорттайды

    Пікір қалдыру

    four × 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.