20.5 C
Алматы
Воскресенье, 12 октября 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    COVID-19: Арал ауданында тұрғындарға бетперделер тегін таратылды ⠀

    Коронавирус инфекциясынан сақтанып, індеттің одан әрі таралуына жол бермеу
    үшін әрбір азамат күнделікті бетперде тағып, міндетті түрде сақтық шараларын мұқият
    орындауы тиіс. Осыған орай, Арал ауданындағы сақтық шаралары күн сайын қарқынды
    жалғасып келеді.

    Коронавирус індетінің алдын-алу, вирустық инфекцияның таралуын тежеу
    мақсатында аудан әкімдігінің ұйытқы болуымен аудан еріктілері мен жастар ресурстық
    орталығының қызметкерлері аудан орталығындағы халық көп шоғырланатын орындарда
    бетперделерді тегін таратты.

    Сондай-ақ, халыққа қауіпті індеттің таралу жолы, оның симптомдары мен одан
    сақтану шаралары түсіндіріліп, халық көп жиналатын сауда орындарында арнайы
    үнпарақтар таратылды. Сонымен қатар, дыбыс күшейткіш құралдары арқылы тұрғындарға
    сақтық шаралары кеңінен хабарланды.

    қатысты посттар

    Гүлшара Әбдіқалықова облыстағы БАҚ өкілдерімен кездесіп, өңірдегі негізгі мәселелерді талқылады

    Фариза

    Еңбек министрлігі: 42 500 теңгеге өтінішті бұл жолы азаматтардың өзі емес, жұмыс орны беруі тиіс

    Фариза

    Жаңақорған ауданында жүгері сусыны шығарылуда

    Фариза

    Пікір қалдыру

    sixteen − twelve =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.