-13.1 C
Алматы
Вторник, 24 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    ШЫМКЕНТ: ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ДӘРІГЕРІ ҚАЗНЕТТЕ ТАРАҒАН БЕЙНЕРОЛИК БОЙЫНША ТҮСІНДІРДІ

    Казнетте таралған Шымкент қаласындағы инфекциялықаурухана маңында болған жағдай бойынша жедел жәрдемдәрігері ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткенбрифингте түсініктеме берді.

     

    Бейнеролик иесі Арман Хамзин медициналық маманболғандықтан, науқастардың жағдайы үшін алаңдап, осы бейнероликті түсіргенін жеткізді.

     

    – Өздеріңізге мәлім, үш айдан бері алғы шепте жұмыс істепкелеміз. Бұл – өте ауыр. Науқастарды көргенде, тіптіпсихоэмоциялық жағдайлар болады. Осы орайда өзденсаулығымыз бен отбасымыз үшін де алаңдаймыз. Ал кеше әлеуметтік желіде тараған бейнероликке тоқталсам, дәл қазіргі таңда пневмониямен ауырған науқастардың саны өсті. Бұл жағдайды қалыпта ұстау үшін жан-жақтыжұмыстар жүргізіліп, стационарлық орталықтар ашылуда. Аталған оқиға болар кезде науқасты инфекциялықауруханаға жатқызу туралы координация берген. Бірақ бізаурухана алдына келгенде  жедел-жәрдем көліктерініңкөбейіп кеткенін көрдік. Инфекциялық ауруханада орынжетіспеушілігі туындады. Яғни, бізге диспетцерлік орталықдұрыс бағыт бермеген. Ал науқас екі жақты пневонияныңауыр түрімен ауырған, жағдайы нашар еді. Сол себептінауқасты жедел орналастыру қажет болатын. Осы уақыттажағдай ушықты. Науқастың халі нашарлай берді. Оныңөміріне алаңдап, бейнероликке түсірдім. Содан көп ұзамай, мәселе шешіліп, науқасты қайда орналастыру туралыхабарлама келді. Осы ретте бұл түсірілімнің әлеуметтікжеліде тарап, халықтың дүрліккенін қаламағанымды айтакетейін. Енді алдағы уақытта мұндай әрекеттерқайталанбайтынын жеткізе отырып, кешірім сұраймын! – деді Арман Саятұлы.

     

    Сондай-ақ, бейнеролик иесі бұл жағдайдан кейін таңғадейін жұмыс істегендерін және сол күні диспетцерлікорталық қызметінде келеңсіздік туындамағанын айтты.

     

    Бұл ретте Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов те бейнероликке байланысты өз пікірін білдірді.

     

    –  Мүмкін дәрігерлер кінәлі емес те болар. Өйткені жәделжәрдем қызметі бойынша шақыртулар кейде саябырсып, кейде күрт өсіп кетеді. Осылай шақырту тым көбейгенжағдайда болған жайтты халық дұрыс түсінбей, «Шымкент қаласындағы ауруханалар науқастарға медициналық көмеккөрсете алмай отыр» деп дүрлігуде. Бірақ әлеуметтікжелілерде тарап жатқан бұл ақпараттар қисынға келмейді. Сондықтан, халыққа  дұрыс ақпараттар таратуғатырысамыз, – деді қала әкімі.

     

    Брифинг соңында Шымкент қалалық Жедел жәрдем көрсетустанциясы бас дәрігерінің орынбасары Шолпан ОспановаБАҚ өкілдері тарапынан бейнеролик төңірегінде қойылғансауалдарға жауап берді.

     

    – Бейнеролик бойынша айтсам, бұл жағдайда жедел жәрдемкөмек көрсететін қызметкерлердің жіберген қателігі бар. Бүгінде аталған жайт жөнінде кінәлілер анықталу үстіндежәне оларға шара қолданылады. Осы ретте әлеуметтікжелілерде Шымкент қаласындағы медициналық қызметкөрсету мамандарының қызметі бойынша тарап жатқанкелеңсіз ақпараттардың жалған екенін жеткізгім келеді, – Шолпан Қабылқызы.

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    Тәжді вирусты жұқтырмаудың жолдары қандай? Дерттің дендеуіне қауіпсіздік шараларын қатаң сақтамаған өзіміз кінәліміз.

    Фариза

    Талас ауданында дзюдодан облыстық турнир өтуде

    Фариза

    Ұлттық ойындар ұлықталған күн

    Пікір қалдыру

    nine + 17 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.