20 C
Алматы
Жұма, 3 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Білім және ғылым

    Қ. Тоқаев бастамасы: Мектептерге “Домбыра” пәні енгізіледі

    Бүгін 6-7 сыныптарға арналған “Домбыра” оқулығының тұсау кесері өтеді. Бұл пән орта білім жүйесіне қосымша пән ретінде енгізілмек. Бұл туралы Қазақ радиосына телефон арқылы сұқбат берген оқулық авторы, белгілі өнертанушы Жанғали Жүзбаев айтты.

    Осыдан тура 1 жыл бұрын Қ.Тоқаев мектептерде қалауы бойынша домбыра үйрену пәнін енгізу бастамасын қолдайтынын айтып, оқулық әзірлеуді тапсырған болатын.

    Бүгін көпшілікке таныстырылатын оқулық 200 шақты беттен тұрады.

    Оқулықта домбырамен сауат ашу, домбыраны баланың қолына дұрыс ұстату секілді әдістемеліктер қамтылған.

    Сондай-ақ Халық әндері мен күйлері, қазақстанда тұратын туысқан халықтарың әндері мен қазақтың классик күйшілерінің туындылары секілді дәрістер бар.

    қатысты посттар

    Мектептерде хиджаб киюге рұқсат етіле ме? – министрлік жауап берді

    Фариза

    ҰБТ – 2020: санитарлық талаптар қатаң сақталуы тиіс

    Фариза

    Ресейде қазақстандық жоғары оқу орындарының филиалдары ашылады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    two × 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.