-1.1 C
Алматы
Пятница, 22 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылордада 123 көлік заңдастырылды

    Бүгінгі таңда Қызылордада Армениядан әкелген 123 көлік заңдастырылды.
    Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысына сәйкес, Қызылорда облысында
    ағымдағы жылдың 1 маусым – 1 қыркүйек аралығында Мамандандырылған халыққа
    қызмет көрсету орталығында Армения Республикасынан 2020 жылдың 1 ақпанына дейін әкелінген және Қазақстан азаматтарына тіркелген көлік құралдарын тіркеу жұмыстары
    жүргізілуде.

    Қызылорда облысының 123 тұрғыны Армения Республикасынан әкелінген көлік
    құралдарын Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына қажетті құжаттарды
    ұсынып және мемлекеттік баж төлемдерін төлеу арқылы өз көлік құралдарын тіркеді.
    Есепке алынған машиналарға сары нөмір беріліп жатыр. Оң жақ рөльді көліктер тіркеуге
    жатпайды.

    Бүгінгі таңда Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында
    Қызылорда облысы Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасының
    қызметкерлерімен тұрғындарға кеңес беріліп, Call-орталығы арқылы түсіндірме
    жұмыстары жүргізілуде.

    қатысты посттар

    Оралда жұмыс істемейтін камераларға 54 млн теңге бөлінген

    Фариза

    Жамбыл облысында ауыл имамы құрдасын пышақтап өлтіріп, артынан өзі асылып қалды

    Гүлшара Әбдіқалықова Семей ядролық полигонынан зардап шеккен азаматтардың рухына тағзым етті

    Фариза

    Пікір қалдыру

    four + 13 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.