Понедельник, 8 декабря 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылорда облысында 2 туристік нысан іске қосылады

    Қызылорда облысында биыл жыл соңына дейін 2 туристік нысан іске қосылады.
    Олар Арал және Жаңақорған аудандарында орналасады деп жоспарлануда. Бұдан бөлек,
    Қармақшы ауданындағы Төретам кентінде этно-саябақ жобасының жер телімі белгіленіп,
    сметалық-құжаттары әзірленуде. Бұл туралы облыстық кәсіпкерлік және туризм
    басқармасының басшысы Фердоуси Қожабергенов мәлімдеді.

    «Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, аймақта ішкі туризмді дамыту
    мәселесі кеңінен қолға алынуда. Өңірде 29 туристік нысаннан 83 инфрақұрылымдық
    мәселе анықталып, кезең-кезеңімен «Жұмыспен қамту жол картасы 2020-2021»
    бағдарламасына енгізу бойынша шаралар қабылдануда», – деді Фердоуси Әбілқасымұлы

    Қазіргі таңда туристік нысандар бойынша облыста 109 қонақ үй, 3 шипажай, 4
    жағажай, 11 демалыс орны, 12 туристік фирма және «Батыс Еуропа – Батыс Қытай»
    автокөлік дәлізі бойында 30 сервистік қызмет көрсету кешені бар. Сонымен қатар,
    өңірімізде халықаралық,республикалық, облыстық, жергілікті маңызы бар 545 тарихи-
    мәдени нысан тіркелген.

    қатысты посттар

    900 мыңға жуық адамға 42 500 теңге көлемінде төлем тағайындалды

    Фариза

    19 жастағы жоғалып кеткен жүкті қызға байланысты жаңа деректер шықты

    Қызылордаға Өзбекстаннан гуманитарлық көмек жетті

    Фариза

    Пікір қалдыру

    five × five =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.