-14.1 C
Алматы
Вторник, 24 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Денсаулық

    Вирустың кең тарауына халықтың немқұрайлығы себеп болып отыр – Тоғжанов

    ҚР Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Орталық Коммуникациялар алаңында өткен брифингте коронавирустың кең таралуына халықтың немқұрайлығы себеп болғанын атап өтті, деп хабарлайды Qazweek.kz Azazttyq Ruhy порталына сілтеме жасап.

    «Вирустың ел ішінде кең тарауының екінші бір себебі — халықтың ескертуге құлақ аспаған немқұрайлығы болып отыр десем артық емес. Әлем бойынша бұл індетті 10 миллионнан астам адам жұқтырып, 500 мыңнан астамы қайтыс болса да, біздің ел тығылып той тойлап, бетперде киюді әлі ұят санайтындар бар. Мысал келтіретін болсақ, амбарларға тығылып той тойлау, артқы есіктен қыз ұзату, аулаға той жасау, құдалық өткізу, ас беру, туған күн тойлау сияқты басқа да шаралар толып жатыр. Осындай әр шараның соңында 20-дан астам адам ауруханаға түсіп, қаза болып жатыр. Мемлекет басшысы айтқандай, қазір «Той тойлайтын кезең емес, ой ойлайтын кезең». Біз бір халықпыз, олай болатын болса жауапкершілікте бір», — деді ол.

    қатысты посттар

    «2 млн теңге ешкім алған жоқ»: еGov вирус жұқтырған дәрігерлерге төлем жасау жүйесін әлі реттемеген

    Фариза

    Атыраулық медбикелер «вакцина паспорты» үшін 100 мың теңге алып отырған

    Фариза

    «Коронавирус жайыла бастаған кезде не бітіріп жүрдіңіздер?» — Қытай елшісі

    Пікір қалдыру

    four + 17 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.