Понедельник, 17 ноября 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы»: Жалағашта екі білім ұясы күрделі жөндеуден өтеді

    «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» бағдарламасы
    аясында Жалағаш ауданына 2 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінген. Мақсат – жұмыссыз
    азаматтарды кәсіппен қамту. Ауданның елді мекендерінде 18 жобаны іске асыру
    жоспарлануда, оның 14-і аудан орталығында жүзеге асырылады.
    Аудан бойынша 682 жұмыс орны құрылып, оның 343 жұмыссыз ретінде тіркелген
    азаматтар қабылданады.

    «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» бағдарламасы
    аясында биыл ауданда Аққыр ауылдық округіндегі №188 орта мектеп пен Мақпалкөл
    ауылдық округіндегі Ә.Оңалбеков атындағы №117 білім ұясы күрделі жөндеуден өтеді.
    Ол үшін жұмыссыз ретінде тіркелген 35- тен аса азамат жұмысқа қабылданады. Сондай-ақ
    аудандық спорт және дене шынықтыру бөліміне қарасты Наркескен спорт клубы мен
    М.Шәменов елді мекеніндегі спорт алаңы қайта жөндеуден өтеді.

    Сондай-ақ Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі
    және атомобиль жолдары бөліміне қарасты биыл Ақсу елді мекеніне кіреберіс аудандық
    маңызы бар автомобиль жолын жарықтандырылады. Сонымен қатар, «Самара-Шымкент-
    Таң» мен «Самара-Шымкент-Жосалы-Жалағаш-Қаракеткен» автожолдары орташа жөндеу
    өтеді.

    қатысты посттар

    Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Шиелі ауданының ахуалын тексерді

    Фариза

    Қызылордада 255 ардагерге арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленді

    Фариза

    Қазақстанда Конституциялық сот құрылатын болды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    eighteen + 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.