Суббота, 17 января 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020-2021»: Ескіұра елді мекенінің кіреберіс жолы жөнделеді

    Биыл Арал ауданы көлемінде «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020-2021»
    мемлекеттік бағдарлама шеңберінде бірқатар маңызды деген жобалар жүзеге асырылуда.

    Аталған бағдарлама аясында ауданға қарасты Жетесби ауылдық округі, Ескіұра
    елдімекенінің кіреберіс 1 шақырым жолын салу жұмыстарын жүргізуге қаржы бөлінген.
    Бүгінде аталған жол жөндеу жұмыстарын мемлекеттік сатып алудың ашық
    конкрусы нәтижесінде жеңімпаз атанған жергілікті «Арал құрылысы» ЖШС қолға алған.

    Қазіргі таңда жол құрылысына қажетті материалдар толықтай жеткізіліп, жолды
    биіктету жұмыстары жүргізілуде. Алдағы күндері жолға құм-қиыршықтас қоспасы
    төселіп, асфальттау жұмыстары басталмақ.

    Айта кетейік, аталған жұмыстар «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК
    бақылауымен жүзеге асырылатын болады.

    қатысты посттар

    Шетелдіктерге жалға берілген жерлер 2025 жылға дейін мемлекетке кері қайтарылады

    Фариза

    Қызылорда облысында 88 кооператив жұмыс жасайды

    Фариза

    Сырдария ауданында 42 пәтерлі тұрғын үй салынуда

    Фариза

    Пікір қалдыру

    three + 9 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.