26 C
Алматы
Сенбі, 18 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылордада «Серіктестер іздейміз» жобасы басталды

    Қызылордада жұмысшы мамандықтарды насихаттау бойынша «Серіктестер іздейміз» жобасы бастау алды.

    Аталған жобаның алғашқы қаһармандары Нұржігіт пен Асылмұрат. Олар Қызылорда қаласындағы «Бизнес және құрылыс» колледжінің студенттері. Құрылысшы мамандығы бойынша білім алып жүрген студенттер «Jas Otan» Жастар қанаты Қызылорда облысы бойынша филиалының жобасына қолдау көрсеткен.

    Жобаның мақсаты – кәсіптік бағытта білім алып жүрген жастардың әлеуетін көтеру, мамандықтың қоғамға маңыздылығын арттыру болып табылады.

    Партияның қоғамдық қабылдау бөліміне өтінішпен келген Несібелі Жеңісбеқызы жобаның алғашқы жұмысының кейіпкері болып табылды. Оның тозығы жеткен ауладағы қоршауы күрделі жөндеуді талап еткен болатын.

    Несібелі Жеңісбеқызы өз қаржысына қажетті заттарды алған, колледж студенттері құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіп, көмек көрсетті.

    Жоба аясында кәсіптік білім алып жүрген жастарды қоғамдық жұмысқа тарта отырып, тәжиребелік сертификат табыстау көзделуде.

    қатысты посттар

    Сырдария ауданында 42 пәтерлі тұрғын үй салынуда

    Фариза

    Қызылордада азық-түлік бағасының тұрақтылығы бақылауда

    Фариза

    Қызылорда облысында жылу беру маусымына дайындық жұмыстары қарқынды жүргізілуде

    Фариза

    Пікір қалдыру

    four + 17 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.