Суббота, 9 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылорда облысындағы шыны зауыты биыл аяқталмақ

    «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқармасының төрағасы Айдар Әріпханов Қызылорда облысындағы құрылысы ұзаққа созылып кеткен шыны зауытының құрылысы қашан аяқталатындығын мәлімдеді.

    Шынымен де, бұл жоба өте күрделі және ұзаққа созылып кетті. Ол 2015 жылы қолға алынған болатын. Зауыт 2 жылдың ішінде салынып бітуі тиіс болғанымен құрылыс жұмыстары 2020 жылға дейін созылып кетті. 2018 жылы Қытайдың «China Triumph International Engineering» компаниясымен тиісті келісімге қол қойдық. Бұл мұндай зауыттар салу бойынша әлемдегі жетекші компаниялардың бірі саналады. Бастапқыда 2019 жылы, 2020 жылдың шілдесі сынды мерзімдер белгіленген еді. Дегенмен, коронавирус індетіне байланысты қытайлық көптеген маман монтаж жұмыстары үшін Қазақстанға келе алмады. Сондықтан құрлыстың аяқталу мерзімі 2020 жылдың желтоқсанына белгіленген,деді ол онлайн-конференция барысында.

    Оның дерегінше, бүгінгі күні зауыт құрылысының 80 пайызы ақяталған.

    Серіктестерімізбен бұл жұмысты жүргізіп жатырмыз. Індеттің аяқталуына байланысты зауыт та жылдың соңында пайдалануға беріледі деп үміттенемін, деді Айдар Әріпханов.

    Айта кетсек, жалпы құны 150 миллион АҚШ долларын құрайтын бұл жоба Қызылорда облысының индустриялық аймағында жүзеге асырылып жатыр. Өнім өндіруге қажетті шикізат толықтай жергілікті Сарышоқы кен орнынан жеткізіледі. Қосымша қоспалар Қазақстанның басқа облыстарынан, Ресейден, Қырғызстаннан және Өзбекстаннан тасымалданады.

    қатысты посттар

    Гүлшара Әбдіқалықова Байқоңыр ғарыш айлағындағы «СоюзМС-17» ғарыш кемесінің ұшырылуын тамашалады

    Фариза

    Көлгінов Нұр-Сұлтан тұрғындары вакцина салдыру арқылы екі бөлмелі пәтер ұтып алу ойынына қатыса алатындығын айтты

    Фариза

    Қызылорда: Сол жағалаудан қан орталығы салынады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    2 × five =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.