-0.1 C
Алматы
Пятница, 8 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қармақшы ауданының 3 ауылы интернетпен қамтылады

    Қармақшы ауданына қарасты үш бірдей ауылға биыл жоғары жылдамдықты интернет желісі жүргізілетін болды. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі хабарлады.

    Биылғы жылдың соңына қарай тұрғын саны 250 және одан асатын халқы бар елдімекенде 3G/4G ұялы байланыс желілерін салу жобасының шеңберінде 928 ауылдағы 600 мыңнан астам тұрғынды (барлық халықтың 3,3 проценті) интернетке ҰКЖҚ (ұтқыр кеңжолақты қолжетімділік) қамтамасыз ету жоспарлануда. Аталған тізім ҚР әкімшілік-аумақтық объектілерінің жіктеуіші, облыс әкімдіктерінің халық саны бойынша деректері және байланыс операторларының Қазақстанның әрбір елді мекенінің байланыс қызметтерімен қамтылуы бойынша деректері негізінде қарастырылды, – дейді министрлік.

    Еліміздің қай аумағында болмасын дамыған заман тұсында интернеттің пайдасын көре алмай отырған ауылдар бар. Мұндай ауылдар Қармақшыда да жоқ емес. Қажет кезде бір ақпаратты қарау үшін бірнеше минут уақытын жұмсайтын халыққа жылдам интернет кажет-ақ. Бұл мәселе соңғы уақытта көп қозғалып, Үкіметтен қашан интернет жүргізілетіні туралы сұрағандар аз емес.

    «Көп жиылса – көл» демекші, бұл мәселенің де шешімі табылып, жауапты министрлік интернет жүргізілетін ауылдардың халық санымен бірге тізімін жариялады.

    Осы жылдың соңына дейін 931 тұрғыны бар Алдашбай ахун, 1216 адам тұратын Т.Көмекбаев және 740 адам қоныстанған Қуаңдария ауылына жоғары жылдамдықты интернет желісі қосылмақ. Енді шалғайдағылар қаламен сөйлесу үшін биік жер іздеп әбігерге түспейді. Сол ауылдың балғын бүлдіршіндері де ел қатарлы интернеттен мультфильм көріп, қызықты деген ойындарын тамашалай алатын болады.

    қатысты посттар

    Қызылорда: 146 ауылдық округтің өз бюджеті бар

    Фариза

    ҚЫЗЫЛОРДАДА ЗАҢСЫЗ ДӘРІ САТУДЫҢ 23 ДЕРЕГІ АНЫҚТАЛДЫ

    Фариза

    «Тек қолма-қол ақша қабылдаймыз». Мобильді аударымдар тоқтай ма?

    Фариза

    Пікір қалдыру

    seventeen − 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.