20.1 C
Алматы
Понедельник, 25 августа 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қазалыдағы мектептің жөндеу жұмысына 22 жұмыссыз тұрғын тартылды

    «Nur Otan» партиясы Қазалы аудандық филиал жанынан құрылған мониторингтік топ Ғ.Мұратбаев атындағы №17 мектепте жүргізіліп жатқан ағымдағы жөндеу жұмыстарымен танысты.

    Аталған мектептің оқу, спорт зал және асхана ғимаратын ағымдағы жөндеу мен мектеп ауласына қоршау орнату жұмыстарына «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бойынша 58819,4 мың теңге бөлінген.

    Мемлекеттік сатып алудың арнайы тәртібімен өткізілген конкурста «Нұрсәуле Құрылыс 2012» ЖШС жеңімпаз болып танылып, қазіргі таңда жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

    Жөндеу жұмыстары аясында ғимараттың ішкі сылақ жұмыстары, едендерді қайта сырлау, электр желілерін жаңалау, сондай-ақ мектеп ауласын асфальттау, спорт зал ғимаратының шатырын жаңалау, әжетхана орналастыру жұмыстары жүргізілетін болады. Қазіргі таңда қоршау орнату жұмыстары мен асхана ғимаратын жөндеу жұмыстары аяқталған.

    «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша 22 жұмыс орны ашылды. Оның ішінде 11 адам Жұмыспен қамту орталығының жолдамасымен уақытша жұмыспен қамтылды.

    қатысты посттар

    «Сөзіңе жауап бересің» — Әкім блогерге жазған жауабын түсіндірді

    Фариза

    Нұрлан Нығматулиннің ұлы «Қазфосфат» ісі бойынша күдікке ілінді 

    Қызылордада 488 шақырым жол жөнделеді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    sixteen − eight =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.