-10.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылорда облысында бес айда 14 928 адам жұмыспен қамтылды

    Халықты жұмыспен қамту мақсатында Қызылорда облысы бойынша халықты жұмыспен қамтуға ықпал жасау жөніндегі 2020 жылға арналған Кешенді Жоспар қабылданды. Осы кешенді жоспар аясында 44 351 адамды жұмыспен қамту жоспарланып, бес айда 14 928 адам жұмыспен қамтылды. Бұл туралы облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев мәлімдеді.

    Оның айтуынша, Сыр өңіріндегі кешенді жоспар келесі бағыттарда іске асырылуда:

    Дағдарысқа қарсы іс шаралар шеңберінде «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы бойынша 9299 адам жұмыспен қамту жоспарланса, оның ішінде 4649 адам жұмыспен қамту орталықтары арқылы. Бүгінде 3507 адам жұмыспен қамтылды (37,7%), оның ішінде 2644 жұмыспен қамту орталықтары арқылы.

    Мемлекеттік және салалық бағдарламалар аясындажаңа жұмыс орындары мен бос жұмыс орындарына – 26 523 адам жоспарланса, нақты 5 264 адам жұмыспен қамтылды (19,8%).

    «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 27832 адам жоспарланып, 7359 адам тартылды (26,4%).

    Басқарма басшысы атап өткендей, бірінші бағытбағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету, соның ішінде: еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер бойынша қысқа мерзімді оқытуға –1800 адам жоспарланған. Карантинге байланысты, бұл бағыттағы жұмыстар осы айда басталады.

    Биыл қысқа мерзімдік оқытуға өзгерістер еңгізіліп, оқу 2 бағытта ұйымдастырылады: жұмыс берушінің өтініміне сәйкес немесе ваучер арқылы.

    Ал, екінші бағыт – жаппай кәсіпкерлікті дамыту:

    1) Бағдарламаға қатысушыларды «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға жоспар 2250 адам.

    15 маусымнан 888 адам онлайн режимде оқуды бастады.

    2) Ағымдағы жылдың 1 маусымына 101 адам шағын несие алды (12,2%). Жоспар – 824 адам.

    Биылдан бастап көпбалалы аналардың үйде немесе үй жанынан өз кәсібін ашу үшін кәсіпкерлік бастамаларды қолдау мақсатында микрокредитті 7 жылға 20,0 млн. теңгеге дейін (8 мың АЕК) жылдық сыйақы мөлшері 4 пайызбен берілетін болды. Ал, бұрын бәріне бердей 6 пайыз болатын.

    3) Жаңа бизнес – идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар – 587 адамға берілді (19%). Жоспар3084 адам.

    Үшінші бағытХалықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу арқылы еңбек нарығын дамыту және еңбек ресурстарының ұтқырлығы. Осы бағыт аясында жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 6671 адам қамтылды.

    Сондай-ақ, өңірден солтүстік өңірлерге 1 маусымға 36 отбасы құрамында 83 адамымен қоныс аударған. Оның ішінде, Қостанай облысына – 27 отбасы (61адам), Солтүстік Қазақстан облысына – 6 отбасы (10 адам), Павлодароблысына 3 отбасы (12 адам) көшіп барған.

    қатысты посттар

    Шиелідегі «басты проблемаға» айналған орта мектептің мәселесі шешілді

    Фариза

    Күйеу жігіт үйлену тойдан кейін қалыңдығын тастап кетті

    Қызылорда облысында кәсіпкерлік нысандардың жұмысы жандана бастады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    13 − 6 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.