-6.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Арал ауданы: 16 бағдарлама, 604 жұмыс орны, 40 отбасыға жаңа пәтер

    Қызылорда облысы Арал ауданында жұмыссыздықпен күрес қарқыны тоқтамайды. Осы жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасының аясында теңізді өлкеде 604 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Бұл жұмыс көздері аталған бағдарлама бойынша бекітілген 16 жоба бойынша іске аспақ.

    Жобаны ұтқан мердігерлермен арадағы келісімшартқа сәйкес, жұмысшылардың кемінде 50% жұмыспен қамту орталығы арқылы жіберілу қарастырылған.

    Биыл Арал қаласында 33 көше жөнделеді. Барлығы 22 шақырымнан асатын көшелердің құрылысына республикалық бюджеттен 660 млн теңгеден астам қаржы бөлінген. Үлкен жобаға «Арал құрылысы» ЖШС мердігер болып танылған. Қазіргі таңда мердігер мекеме аудандық халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы аталған жол жөндеу жұмыстарына 43 адамды жұмысқа қабылдап үлгерген.

    «Бүгінгі күні 5 көшенің астыңғы қабаты тегістеліп жатыр. Құрылыс материалдары дайын. Алдағы аптада асфальт жабындысын төсей бастаймыз. Барлық жұмыстар кезең-кезеңімен әрі уақытында бітеді», – дейді аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Амантай Тасқынбаев.

    Бұдан өзге аудандық маңызы бар «Ескіұра елді мекеніне кіреберіс» автожолының құрылысына 99 млн 452 мың теңге қаржы бөлініп, жұмыс басталады.

    Тағы қуанатын жаңалық, аудан орталығындағы Абай көшесін абаттандыру жұмысына республикалық бюджеттен 110 млн теңгеден астам қомақты қаржы бөлінген. Бас мердігер – «Наурыз құрылыс» ЖШС. Аталған мердігер аудандық халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы 14 адамды жұмысқа қабылдап, абаттандыру ісін бастап кеткен.

    Мамыр айында аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың өзі барып іргетасын қалаған қаладағы №2 мөлтек аудан аумағындағы 10 тұрғын үйдің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Мұндағы әр үй 4 пәтерден, бір қабаттан тұрады. Яғни салынатын он үйде 40 пәтер болса, соның жартысы – екі бөлмелі, ал қалғаны – үш бөлмелі пәтерлер.

    Үй тұрғызудағы басты мақсат – өз баспанасына қол жеткізгісі келетін аудан тұрғындарының мәселесін шешу. Яғни, аталған жобаның қаржысы «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен» келісімшарт негізінде облыстық бюджет есебінен бөлінген. Жаңа баспанаға аталған банк арқылы кезекте тұрған салымшылар ғана қол жеткізе алады.

    Айта кету керек, жаңа үйлерді салатын бас мердігерлер – жергілікті «Наурыз құрылыс» және «Арал су құрылысы» ЖШС. Қос мердігер кіріскен құрылыс жұмысына аудандық халықты жұмыспен қамту бөлімі арқылы 50-ге жуық тұрғынды тартқан.

    Тұрғын үйлер күзге дейін бітіп, 40 отбасы жаңа пәтерде қоныс тойын тойламақ.

    қатысты посттар

    Қазақстан 8 маусымнан бастап ПТР-тест пен вакцинация паспорты талабын алып тастайды

    Фариза

    Роза Рымбаева мен Төреғалидың отбасында болған тойға байланысты тексеру жүргізіліп жатыр

    Фариза

    Қызылордада күріш ұнын нан өнімдеріне пайдалануда

    Фариза

    Пікір қалдыру

    four × 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.