-1.1 C
Алматы
Суббота, 9 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылордада карантин режимі күшейтілді

    Бүгінгі күнде COVID-19 инфекциясының нақтыланған жағдайларының өсуі 7 пайыздан асатын деңгейде тіркелуіне байланысты қала аумағында шектеу және карантиндік шараларды күшейту мақсатында Қызылорда қаласы бас санитарлық дәрігерінің 7-ші қаулысы қабылданды. Бұл туралы облыстың бас санитарлық дәрігері Әлия Әбдіқайымова брифингте айтты.

    1. Қызылорда қаласы әкімдігі, мемлекеттік, құқық қорғау және арнайы органдар:

    1) қала аумағындағы халық көп шоғырланатын қоғамдық орындардың (қала аумағындағы демалыс парктері, аллеялар, субұрқақтар, жағалаулар мен жағажайлар, аквапарктер және т.б. серуендеу орындары) қызметін дүйсенбі-сенбі күндері аралығында 22:00-ден кейін шектеуді, жексенбі күндері қызметін тоқтатуды және аталмыш орындарда тұрғындардың болуына тыйым салуды.

    2) жексенбі күндері қоғамдық көліктің жұмысын сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін шектеуді, бұл ретте жолаушылар саны көліктегі орындықтар санынан аспауы тиіс;

    3) мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдары (дамыту, білім беру орталықтары, үйірмелер, факультативтер және т.б.) қызметін тоқтатуды;

    4) әр сенбі және жексенбі күндері барлық қоғамдық тамақтану орындарының қызметін тоқтата тұруды, олардың жұмысын «клиенттерге дейін жеткізу» принципімен сағат 11:00-ден 22:00-ге дейін шектеуді;

    5) штаттық режимде жұмыс істейтін дәріханалар, азық-түлік, ауыл шаруашылық нысандарын қоспағанда, әр жексенбі күні демалыс парктер мен аквапарктер, барлық сауда үйлері мен базарларында, бөлек тұрған сауда нысандарында дезинфекциялық шараларды жүргізе отырып, «санитариялық күнге» жабуды.

    6) 00:00 сағат 2020 жылғы 27 маусымнан бастап 00:00 сағат 6 шілдеге дейін бильярд, букмекерлік және лото-мото конторалардың, футкордтар, фитнес, тренажер залдары (орталықтары), ойын-сауық орталықтары, балалардың ойын алаңдары, компьютер клубтары, спорт кешендерінің (үйірмелер, секциялар) қызметін тоқтата тұруды;

    2. Әуежай, теміржол және автовокзалдардың басшылары қала аумағындағы теміржол, автовокзалдары, әуежай, аудан және қалааралық бағыттағы қатынас құралдарының бекеттерінде шығарып салушы және күтіп алушы тұрғындарды шектеуді;

    3. Қызылорда қаласы әкімдігі КВИ-ның профилактикасы және Қызылорда қаласында шектеу шараларын сақтау бойынша интернет ресурстар мен әлеуметтік желілерде жадынамалар, хабарландырулар тарату, инфографика, видеороликтер, жүгіртпе жолдары арқылы жаппай түсіндірме жұмыстарының жүргізілуін қамтамасыз етуді.

    4. Қаулының орындалуын қадағалауды өзіме қалдырамын.

    5. Осы қаулы 2020 жылы 27 маусым 00 сағат 00 минут бастап күшіне енеді.

    қатысты посттар

    Шу ауданында 13 мың гектардан аса аумаққа пияз егілді

    Фариза

    Алматыдағы жағдай күрт нашарлады — Бекшин

    Фариза

    Мұндайды ешқашан көрмеппін! Қостанайдың жолында мұз көшті

    Фариза

    Пікір қалдыру

    two + twenty =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.