-11.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылордада автомобиль жолдары бойынша 17 ақау жойылды

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп, «Адалдық алаңы» жобасы шеңберінде «Сапалы жол – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі құрылды.

    Жобалық кеңсенің мақсаты – халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйелеріне сәйкес келетін орталық қызметінде парасаттылық қағидаттарын және комплаенс саясатын енгізу болып табылады.

    Жобалық кеңсенің негізгі тұжырымдамасы автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту және жөндеу кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасын сараптау кезеңінде азаматтық қоғаммен тығыз өзара байланыста ашық бақылауды қамтамасыз етуге бағытталған.

    Жобалық кеңсенің қызметінің бағыттары:

    1) қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету;

    2) қазіргі заманғы сандық технологиялар мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу құралдарын енгізу;

    3) парасаттылық, адалдық және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік қағидаттарын енгізу;

    4) бизнес-процестерді жетілдіру және оңтайландыру.

    Сондай-ақ, Ел басының тапсырмасымен жергілікті жолдар желісін ұлғайту және одан әрі дамыту мақсатында «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 20202025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы әзірленген. Онда 2025 жылға қарай облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық жағдайын барынша көтеру.

    2020 жылы аталған бағдарлама бойынша жол желісін дамытуға республикалық бюджеттен – 11 794,0 млн. теңге облыстық бюджеттен 9 551,0 млн теңге барлығы 21 346,0 млн теңге бөлініп, ұзындығы 488 км автомобиль жолдары мен көшелер және көпір өткелдерін жөндеуден өткізу жоспарланған.

    Сонымен қатар, «Сапалы жол – Адалдық алаңы» жобасы аясында Департаменттің, «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының қызметкерлері, «Ақмешітадалдық алаңы» жобалық кеңсесінің, облыс бойынша арнайы мониторингтік топтың мүшелері және БАҚ өкілдерімен бірлесіп жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының проблемалық учаскелеріне, жолдың қыс мезгіліндегі жай-күйіне, автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстауы жылжымалы зертханамен зерделенуде.

    Жылжымалы зертханамен шығу барысында жалпы 21 ақау анықталып, берілген ұсыныстар нәтижесінде 17 жойылды, 4 ақаулар бойынша жұмыстар жүргізілуде.

    қатысты посттар

    Қызылорда облысында карантин шектеулері жеңілдетілді

    Фариза

    Сырдариялық шаруа қожалығы 800 гектар жерге күріш екті

    Фариза

    Қызылордада коронавирус жұқтырған 100 медицина қызметкері шипажайда демалады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    12 − 7 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.