-9.1 C
Алматы
Воскресенье, 22 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылордада қазалылық кәсіпкердің құқығы қорғалды

    Қазалы ауданының тұрғыны Жанерке Төлебаеваның кәсіпкерлікпен айналыса бастағанына үш жыл болды. Өзінде бар ресурстарды пайдалана отырып кәсібін жүргізу үшін үйінің жанынан дүкен ашып, жұмысын жүргізеді. Жас кәсіпкер тұрғын үйге арналған жер телімінің нысаналы мақсатын ауыстыру қажеттігін де білмеді.

    Кәсіппен айналысып жүрген азаматтар заңды бұзайын деп бұзбайды. Кейде қойылатын нормативтік талаптарды білмей мерзімін өткізіп алуы мүмкін. Бірақ кәсіпкерлер заң аясында жұмыс жасауға өздерінің мүдделі екенін үнемі айтып отырады, деген Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Салават Құлмахан осы оқиға туралы әңгімелеп берді.

    Өткен жылдың шілде айында облыстық жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы тексеріп 600 шаршы метр жердің нысаналы мақсаты талапқа сай келмейді деп 3 ай мерзімде заң бұзушылықты жою туралы нұсқама бергенде кәсіпкер құжаттарын реттеуге дереу кірісіп кетеді. Ол 5 шілде күні «Азаматтарға арналған Үкімет» АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының жер кадастры және жылжымайтын мүлік бойынша Қазалы аудандық бөліміне құжаттарын тапсырады. Алайда құжат аталмыш бөлімде 3 айдан астам уақыт қараусыз жатып қалады. Себебі де белгісіз. Жауапты маман оны түсінігінде көрсетіп отыр.

    Нұсқаманы уақытында орындамадың деп облыстықжердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы кәсіпкерді әкімшілік құқық бұзушылық іс бойынша бірінші Қазалы аудандық сотына береді. Аудандық сот кәсіпкердің құжаттары Жер кадастры және жылжымайтын мүлік бойынша Қазалы аудандық бөлімінің уақытылы қызмет көрсетпеу салдарынан кешігіп, 2019 жылдың 4 қарашасында дайын болғандығын, оған Жанерке Төлебаеваның кінәлі емес екендігін негізге ала отырып, әкімшілік құқық бұзушылық құрамның болмауына байланысты істі қарауды тоқтатады.

    Облыстық басқарма әрі қарай талап арызын облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына береді. Арызда кәсіпкердің жер телімін мәжбүрлеп алып қоюды сұрайды. Білікті заңгердің көмегі қажет екеніне көзі жеткен Жанерке Төлебаева облыстық кәсіпкерлер палатасынан құқығын қорғауды сұрап, өтініш білдіреді.

    Кәсіпкердің құжаттарымен мұқият танысқан Палата заңгері Аида Қаюпова сотта кәсіпкер тарапынан заң бұзушылықтардың жойылғандығын айтып, жер телімінің нысаналы мақсаты өзгертілгендігін дәлелдейтін құжаттарды көрсетеді. Ал кешіктірілу себебін тиісті мекеме қызметкерінің кінәсінен созбалаңға салынғандығынан екендігін жеткізіп, талап арызды қанағаттандырусыз қалдыруды сұрайды. Нәтижесінде облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Бақытбек Елшібеков кәсіпкердің жерін алып қою туралы талап арызды қанағаттандырусыз қалдыру туралы шешім шығарады.

    Аталмыш іс елімізде енгізілген төтенше жағдаймен сәйкес келіп қалып, кәсіпкердің Қазалы ауданынан келуге мүмкіндігі болмағандықтан бірнеше рет кейінге қалдырылды. Сәуір айында жағдай біршама тұрақтанғаннан кейін қайта қаралып, кәсіпкердің пайдасына оң шешілді. Жалпы Кәсіпкерлер палатасының мамандары төтенше жағдайда да, қазіргі карантин режимінде де кәсіпкерлерге көмек көрсету үшін үзіліссіз жұмыс жасауда. Алғашында дистанционды режимде жұмыс жасадық, қазір офлайн қызмет көрсетудеміз. Наурыз айынан бері Палатаға құқығын қорғауды сұраған 80 арыз түсті. Әр іс бойынша жұмыс жасалуда, дейді Салават Құлмахан.

    Айта кету керек, жыл басынан бері Кәсіпкерлер палатасына құқығын қорғауды сұраған 135 өтініш түсіп, олардың 53-і оң шешімін тапты.

    қатысты посттар

    Алматыда 178,5 миллион теңгеге 20 дәретхана орнатылады

    Фариза

    Қызылордаға өкпені жасанды желдету (ИВЛ) аппаратын әкелу үшін халықаралық компаниялармен ынтымақтастық орнатылды

    Фариза

    Қызылорда облысынан 47 мың тонна ауыл шаруашылығы тауары экспортталған

    Фариза

    Пікір қалдыру

    twenty − 10 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.