Суббота, 7 февраля 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    ШЫМКЕНТ: КАРАНТИН ТАЛАБЫНА БАҒЫНБАҒАН 50 НЫСАНҒА ХАТТАМА ТОЛТЫРЫЛДЫ

    Мобильді топ күнделікті кәсіпкерлік нысандарға рейд жүргізуде. Жұмысшы топ — әкімдіктің, жергілікті полиция және аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы өкілдерінен құрылған.

    Түсіндірме жұмыстары мен бақылау нәтижесінде карантин режимін бұзушылар саны күн санап төмендеуде.

    Қаладағы кәсіпкерлік нысандардың 99 пайызы карантин режимінде көрсетілген шекті уақыттарда өз жұмыстарын аяқтауда.

    Соңғы үш күнде қала бойынша карантин талабына бағынбай кешкі мезгілде жұмыс істеп жатқан 50-ге жуық мекемеге хаттаматолтырылған.

    Қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасымен 2 мыңдай мекемегеескерту берілген (ара қашықтық сақтау, антисептик пайдалану).

    Айта өтсек, аталған жұмыстар қала әкімі М.Әйтеновтің қатаң бақылауында.

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    Жамбыл облысында педагог-ағартушы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл толуына орай жас ғалымдар арасында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті

    Фариза

    Қызылорда облысының күріш өсірушілері күріш өнімділігі бойынша жаңа рекорд орнатты

    Фариза

    Шыңғыс Мұқан: «Немқұрайлы қарасақ, індетті қайта өршітіп алуымыз мүмкін»

    Фариза

    Пікір қалдыру

    13 − five =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.