Воскресенье, 7 декабря 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Бейсен Құранбектің анасы қайтыс болды

    Жақында өмірден озған танымал журналист Бейсен Құранбектің анасы қайтыс болды. Бұл туралы журналист Өміржан Әбдіхалықұлы жазды, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарт агенттігі  Azattyq Rýhy порталына сілтеме жасап.

    «Бейсен Құранбектің анасы дүниеден озды деген суық хабар келді. Құранбек әулетіне Алла сабыр берсін! Ағайдың артынан анасы да аттаныпты. Ағайын-туыстары, жек-жұрағаттарына қайғырып көңіл айтамыз! Ана жүрек тоқтапты! Барша Құранбек әулетіне Алла үлкен сабыр берсін!», — деп жазды ол.

    Айта кетейік, Құранбектер әулеті карантинге байланысты Бейсен Құранбектің 27 маусымға белгілген қырық күндік асын көпшілікпен өткізуден бас тартты.

    «Бізге бұл шешімге келу оңай болмады. Сонда Бейсекең өзі болса, бұл жағдайда не істер еді деген сауал қойдық. Біз білетін Бейсекең бірінші кезекте өзін емес, айналасындағы адамдардың қамын ойлап, дұрыс тәртіпті белден баспай, ақылға сыйымды амалын жасар еді. Сол қисынмен ел-жұртты бір жерге жинамай-ақ, қасиетті жұма күні құран оқып, дұға бағыштайық деген тоқтамға келдік. Біздің бұл ойымызды түсініп қабылдауларыңызды сұраймыз», — деп жазды Құранбек әулеті.

    қатысты посттар

    «Рамазан айының 15 күні қатты қорқынышты дауыс келіп, көп адам өліп кетуі мүмкін» Әлеуметтік желіде тараған бұл ақпарат қаншалықты рас?

    Фариза

    «Несие алуға көмектесемін»: Алматыда алаяқтықпен айналысқан жұп ұсталды

    Фариза

    «Бетінде сақалы, аузында Алласы болған соң сеніп қалдым»: көпбалалы ана Балғынбек Имашевқа алданғанын айтты

    Фариза

    Пікір қалдыру

    18 − 3 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.