-13.1 C
Алматы
Вторник, 24 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылордада «Цифрлық волонтер» жобасы аясында үш жақты меморандумға қол қойылды

     «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының облыстық филиалы мен Қалалық жастар ресурстық орталығы және «Golden Qazaqstan» жастар қоғамдық бірлестігімен бірлесе үш жақты келісім-шарт жасалынды.

    Меморандумның мақсаты жастар арасында волонтерлік қызметті қолдау және дамыту, қала жастарына мемлекеттік қызметтерді цифрлық нысанда пайдалануды үйрету болып табылады.

    Үш жақты келісім аясында еріктілер тұрғындарға мобильді азаматтар базасында өз бетінше тіркелуге, ЭЦҚ алуға, халыққа қызмет көрсету орталығына кезекті брондауға, талапкерлерге оқу орындарына құжат тапсыруға, сондай-ақ, egov.kz порталында электрондық қызметтерді алуға көмек көрсететін болады.

    Волонтерлар қазіргі таңда бізге үлкен қолдау көрсетіп жатыр. Бұл цифрлық нысанда азаматтар egov.kz порталындағы қолжетімді қызметтерді өз беттерінше жастардың, мамандардың көмегімен алатын болады. Еріктілерге, жастар ұйымдарының басшыларына осы ретте өз алғысымызды білдіреміз, – деді Айдын Бөкенбайұлы.

    Жоба аясында Халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары алғашқы 5 күндігінде волонтерларға мемлекеттік қызметті онлайн режимінде алу дағдылары бойынша оқу курстарын жүргізетін болады.

    Айта кетейік, цифрлы нысан Қалалық жастар ресурстық орталығында орналасқан. Онда еріктілер азаматтарға дүйсенбі-жұма күндері 9:00-13:00 уақыт аралығында электронды қызметтерді алуға көмектесетін болады.

    қатысты посттар

    МӘМСҚ Қызылордада коронавирустан емделіп жатқан науқастарға 601,9 млн теңге бөлді

    Фариза

    Кәрім Мәсімовтың інісі ұсталды

    Фариза

    Гүлшара Әбдіқалықова өңірлік кәсіпкерлер кеңесінің мүшелерімен кездесіп, мәселелерін тыңдады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    sixteen − 8 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.