-6.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар Денсаулық

    Шымкент: Денсаулық сақтау жүйесін дамыту перспективалары бойынша жиын өтті

    Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен денсаулық сақтау жүйесін дамыту перспективалары бойынша жиын болып өтті.

    Онда қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Р.Албаев 2020-2025 жылдарға арналған денсаулық сақтау саласын дамыту жоспарын ұсынды.
    Бес жылдық даму жоспары негізгі 4 бағыт бойынша жүргізіледі. Олар: медициналық көмек көрсетуді жетілдіру, кадрлық ресурстарды дамыту, қоғамдық денсаулық сақтау қызметін жетілдіру және денсаулық сақтау ұйымдарының инфрақұрылымын дамыту.
    «Нәтижесінде: өмір сүру ұзақтығы 75 жасқа дейін артады; ана өлімі 25,3 пайыздан 7 пайызға дейін төмендейді; бала өлімі 8,7-ден 6,9 пайызға төмендейді; жеке инвестициялардың үлесі 25%-ға дейін ұлғаяды; инсульт орталығының саны 4-ке жетеді; мекемелер 100 пайыз цифрландырылады» — деді Р.Албаев.

    Сондай-ақ, медицина ұйымдарымен меморандум жасалып, барлық индикаторлар бойынша бағалау жүргізуге, ұйымдарды бақылап отыруға мүмкіндік болатынын жеткізді.

    Жоспарда — онлайн дәрігерлік кеңес беруді дамыту және халықтың денсаулық мәселелері бойынша сауаттылық деңгейін арттыру мақсатында мобильді қосымшаларды пайдалану назарға алынған.

    Жиын соңында сөз алған Мұрат Дүйсенбекұлы: «Жоспарда айтылғанның барлығын іске асыруға мүмкіндік бар. Денсаулық саласына жеткілікті қаржы бөлінеді. Медициналық көмектің сапасы мен оның қол жетімділігіне баса назар аудару қажет. Сонымен қатар, халыққа профилактика, түсіндірме жұмыстары көптеп жүргізілсін. Жұмыстарды көрсетілген мерзімнен ерте аяқтауды тапсырамын» — деді.

    Фариза Жандар

    қатысты посттар

    «Қазақтарда медицина болған емес, кейіннен орыстардан үйренген…»

    ТАРАЗДА «BEST ВИДЕО» ТУҒАН ӨЛКЕ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АНЫҚТАЛДЫ

    Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Хұсейін Әмір-Темірді мерейтойымен құттықтады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    18 + thirteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.